Шу-Іле таулары

From Wikipedia, the free encyclopedia

Шу-Іле таулары
Remove ads

Шу-Іле тауларыІле Алатауы жотасының солтүстік-батыс сілемі.

Quick Facts Сипаттамасы, Тау жүйесі ...
Remove ads

Географиялық орны

Алматы және Жамбыл облыстары жерінде. Шу және Күрті өзендері аралығындағы тау бөктеріндегі өңірде, оңтүстігі Қопа жазығына (ойысына) тіреледі. Ұзындығы солтүстік-батыс бағытта 180 км, ені 60 км-дей, ең биік жері Айтау жүйесіндегі Аңырақай тауы (1294 м).

Жер бедері

Thumb
Шу ойпатынан Қордай асуына көтерілу

Шу-Іле таулары ертедегі тау жүйесінің, су, жел, т.б. табиғат әсерінен бұзылуынан, мүжілуінен, аласа тау, жеке шоқыларға айналған қыратты өңір. Аласа таулар көбіне бір-біріне жақын бір өңірді алып жатады, не таулы қырқаға айналады. Түленқара, Құлжабасы, Аңырақай, Алаайғыр, Сұңқар таулары осындай таулы қырқалар. Аласа таулар мен таулы қырқалардан басқа төбесі күмбезделіп келген, биіктігі біркелкі шоқылар өте көп кездеседі. Бұл таулар мен шоқылар аралығын жазық, кең дала алып жатыр.

Remove ads

Климаты

Шу-Іле таулары өңірінің қысы суық, жазы ыстық, жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 400 мм.

Су торабы

Қырат беткейлерінен басталатын Ащысу, Қоналысай, Тесік, Қақпақтас, т.б. кішкене өзендерде су көктемде қысқа мерзімде ғана болады да, кейін тартылып, арнасы құрғақ сай, тасты шатқалға айналады.

Өсімдігі, жануарлары

Thumb
Алматы-Бішкек жолы бойындағы жайылым

Бұл құрғақ шөл аймақта шалғын шөп көктемде сай-сала, жыра, ойпат жерлерде, тау бөктерінде шөлге төзімді жусан, бетеге, қараған, т.б. өсімдіктер өседі. Шөл, шөлейт жануарлары мекендейді.[1].

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads