Шілдехана
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “Сәбидің бауы берік болсын”,-деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Шіллә” (“чілле”) парсы тілінен аударғанда “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан кейін 40 күнге дейінгі уақыт қауіпті кезең болып саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен (қ. Қырқынан шығару). Әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күн бойы шам жағылып, “күзетілген”. Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.[1]
Remove ads
Шілдеханада орындалатын салт-дәстүрлер
Әйел аман-есен босанған күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады.
Бұған өнерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша көңіл көтереді.
Қыз-келіншектер мен бозбалалар айтысып жеңгендері тоғызын алады.
Жастар түнді қуаныш қызықпен өткізеді.
Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әртүрлі жын-шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті.
Мал сойылып, кең дастарқан жайылады. Ет піскеннен соң, ақсақалдар еттің ең маңызды бөлігі – мойын омыртқаны нәрестенің анасына береді. Ол мойынға пышақ тигізбей, мүжіп жеуі керек. Кейін мойын әйелдерге беріліп, сүйекті еттен тазартады. Біткен соң, мойынды “Баланың мойны берік болсын” деген ниетпен биік жерге іліп қояды.
Рәсімді бесікте нәрестенің әжесі орындайды. Ол қолына толған құрт, бауырсақ, тәтті, қант, ірімшікті алып, оларды бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, “Тышты ма?” деп сұрайды. Ал басқалар қолын созып, “Тышты, тышты”,-деп айтып, тәтті, бауырсақ алады. Кәдені перзент сүймеген әйелдер сәбилі болсын және “Сәбидің болашағы осындай тәтті және дәулетті болсын” деген ниетпен жасайды.[2]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads