Шәуілдір

Түркістан облысы Отырар ауданының орталығы From Wikipedia, the free encyclopedia

Шәуілдір
Remove ads

ШәуілдірТүркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, аудан (1934 жылдан) және Шәуілдір ауылдық округі орталығы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Географиялық орны

Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 72 км жерде, Арыс өзені мен Д. Алтынбеков атындағы канал бойында орналасқан.

Халқы

More information 2021 2009-ға пайызбен, Ерлер 2009 ...

Инфрақұрылымы

Кентте Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция базасы негізінде 1980 жылы «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы құрылды. Әбу Наср әл-Фараби атындағы Отырар-Арыстанбаб мұражай кітапханасы ұйымдастырылған. Мәдениет сарайы, 9 кітапхана, 2 мешіт, «Ақ барыс» спорт залы, «Қарлығаш» кинотеатры, «Жұлдыз», «Жібек жолы» мейрамханалары, «Барыс» мақта қабылдау пункті, Шәуілдір СЭС-ы, 6 орта, музыка, спорт мектептері, «Балдырған» бала бақшасы, «Бала өмір» емханасы, ауданы аурухана бар.

Шаруашылығы

Шәуілдірде 27 ӨК, 75 шаруа қожалықтары, 8 тұрмыстық қызмет көрсету, 3 сауда орны, нан, өсімдік майын шығару цехы, т.б. мекемелер жұмыс істейді.

Ауылдың атақты адамдары

Кенттен академик, Халық Қаһарманы Мұхтар Әлиев, академик Рахманқұл Бердібаев, Орта Азиядағы тұңғыш чекист, үш мәрте Қызыл Ту орденінің тұңғыш иегерінің бірі – Абдолла Жармұханбетов, Түркістан АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің Председателі Абылай Серғазиев, ақын жазушылар Саттар Асқарұлы Ерубаев, Көпен Әмірбеков, Әселхан Қалыбекова, Бекарыс Шойбеков, т.б. көптеген танымал, атақты адамдар шыққан. Шәуілдірден 8 км жерде ескі Отырар қаласы және Арыстан баб мешіті орналасқан.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads