Экспозиция

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Экспозиция (лат. exposіtіo – көрсетілім, мазмұндама) – әдебиетте көркем шығармада оқиға дамитын, өрістейтін орынды, ортаны, сол оқиғаға қатысатын кейіпкерлерді сипаттап, алғаш оқушыға таныстыру. Экспозиция негізгі оқиға желісіне, сюжетке тікелей байланысты болмай, өз алдына окшаулау тұрады. Себебі, сол оқиғаның басталуы емес, тек қана оны неғұрлым айқын, анық түсініп-білуге кажетті дерек, суреттемелер.
Музыкада басты тақырыпты түсіндіруге негізделген сонаталық форманың немесе фуганың бірінші бөлімі. Экспозицияда әдетте әуелі бір немесе бірнеше тақырыптан тұратын музыкадағы негізгі материалдың тұжырымды мазмұндамасы баяндалады.
Бейнелеу өнерінде экспозиция мұражайлар мен көрмелерге қойылған материалды (экспонаттарды) белгілі бір жүйе бойынша орналастыру мағынасын білдіреді.[1][2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads