Электрондық конфигурация
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Электрондық конфигурация — химиялық элемент атомының немесе молекуланың әртүрлі электронды қабықшаларында электрондардың орналасу формуласы.
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (қыркүйек 2024) |
Электрондық конфигурация әдетте атомдар үшін олардың негізгі күйінде жазылады. Элементтің электрондық конфигурациясын анықтау үшін келесі ережелер бар:
- Толтыру принципі. Толтыру принципіне сәйкес атомның негізгі күйіндегі электрондар орбитальдарды орбиталық энергия деңгейлерінің жоғарылау ретімен толтырады. Энергиясы төмен орбитальдар әрқашан бірінші болып толтырылады.
- Паули принципі. Осы қағидаға сәйкес бір атомдағы екі электронның төрт кванттық санның мәндері бірдей бола алмайды.
- Хунд ережесі. Осы ережеге сәйкес, бір ішкі қабықтың орбитальдарын толтыру параллель (белгісі бірдей) спиндері бар жалғыз электрондардан басталады және жалғыз электрондар барлық орбитальдарды алғаннан кейін ғана орбитальдарды қарама-қарсы спиндері бар электрондар жұбымен түпкілікті толтыру мүмкін болады.[1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads