Электроника

From Wikipedia, the free encyclopedia

Электроника
Remove ads

Электроникағылым мен техниканың вакуумда, газда, сұйықта, қатты дене мен плазмада, сондай-ақ олардың бір-бірімен жанасу шекарасында байқалатын электрондық және иондық құбылыстарды зерттеуге және оларды қолдануға арналған саласы.

Thumb
Электрондық тақта үлгісі

Салалары

Оның физикалық электроника және техникалық электроника деп аталатын басты екі саласы бар.

Физикалық электроника электрондық және иондық құбылыстарды, электрондық және иондық приборларды, құрылғылар мен қондырғыларды құрастыру принципін, электрондық және иондық приборлардың көмегімен электр энергиясын қабылдау, түрлендіру және беру принциптерін, электрондар мен иондар ағынының затқа әсер ету механизмін теоретикалық және тәжірибелік жолмен зерттейді.

Техникалық (қолданылмалы) электроника электрондық және иондық приборларды, құрылғылар мен қондырғыларды ғылымда, өнеркәсіпте, байланыста, құрылыста, көлікте, т.б. салаларда пайдаланудың теориясы мен практикасын қамтиды.

Remove ads

Қысқаша тарихы

Электроника пайда болмастан бұрын электр доғасы (1802), газдағы солғын разряд (1850), катод сәулелері (1859), т.б. ашылып, қыздыру шамы (1873) құрастырылды. Ғылым мен техниканың дербес саласы ретінде электроника тек 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында қалыптасты. Бұл кезеңде термоэлектрондық эмиссия (1883), фотоэлектрондық эмиссия (1889) құбылыстары ашылды, электронды сәулелік түтік (1897), вакуумдық диод (1904), вакуумдық триод (1907), кристалдық детектор (1900 – 1905 жж.) жасалды. Радионың ойлап табылуы (1895) электрониканың одан әрі дамуына шешуші ықпал етті.

Remove ads

Қолданылуы

Электрониканы адамның іс-әрекетінің әр алуан саласында пайдалану нәтижесінде ой еңбегі мен дене еңбегінің өнімділігін күрт арттыруға, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға, басқа тәсілдермен орындалмайтын кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Техникалық электроника радиоэлектроника, өнеркәсіптік, көліктік, медициналық, геологиялық, ядролық электроника, және т.б. жеке салаларға бөлінеді. Ал техникалық электрониканың құрылғылары мен жүйелері ақпараттық электроника (атқарушы тетікті технологиялық үрдіс пен биологиялық нысанды басқару, өлшеу, қадағалау мақсатында қажетті ақпаратты қабылдау, жинақтау, өңдеу, сақтау, беру мәселелеріне арналады), энергетикалық электроника (электр энергиясын өндіру, түрлендіру және беруге арналады) және технологиялық электроника (материалдарды не бұйымдарды механикалық, термиялық, т.б. өңдеу мақсатында затқа электромагниттік өрістің не бөлшектер ағынының тікелей әсер етуіне арналады) болып 3 класқа ажыратылады.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads