Эмаль
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Эмаль (фр: emaіl, франкіше smeltan – балқыту, еріту) — бұйымның бетіне электрхимикалық тәсілмен жалатылатын берік шыны қабат. Ол оңай балқитын түрлі түсті арнаулы шыныға әр түрлі пигменттер мен қосымша заттарды (марганецтің қос тотығы, кобальттің не никельдің шала тотығы, криолит, сүрменің үш тотығы, т.б.) қосу арқылы дайындалады.

Эмаль мөлдір және мөлдірсіз болып ажыратылады, түрлі түсті болып келеді. Керамик. және шыны бұйымдардың бетіндегі глазурь де “Эмаль” деп аталады. Эмаль қабаты беріктілігімен, ыстыққа, коррозияға төзімділігімен, т.б. бағалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан Эмаль металл ыдыстардың, тұрмыстық тоңазытқыштардың, зергерлік бұйымдардың, т.б. бетіне жағу үшін кеңінен қолданылады.[1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads