Эндотелий

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Эндотелий (кейде Эндотелді жасушалар, ағылш. endothelium, грек, endon — ішкі, thele — кеуделік емізікше) — жүректің, қан және лимфа тамырларының ішкі бетін астарлайтын жұқа қабық. Ол қанмен тікелей жанасып жатады. Эндотелді құрайтын жасушалар (эндотелиоциттер) — жалпақ пішінді жұқа жасушалар. Негіздік жарғақта орналасқан эндотелиоциттердің сопақ ядролары болады. Цитоплазмасындағы микрофиламенттердің арқасында эндотелиоциттер жиырылуға қабілетті. Эндотелиоциттердің ішкі және сыртқы беттеріндегі көптеген пиноцитозды көпіршіктер, олардың зат алмасу процесіне белсенді қатысатынын көрсетеді.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads