Юлия Анатольевна Свириденко
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Юлия Анатольевна Свириденко (укр. Юлія Анатоліївна Свириденко, [ˈjul⁽ʲ⁾ijɐ ɐnɐˈtɔl⁽ʲ⁾ijiu̯nɐ swɪrɪˈdɛnko]; 25 желтоқсан 1985 жыл, Чернигов) — украиналық саясаткер және экономист, 2025 жылғы шілдеден Украинаның 19-премьер-министрі.[1]
Бұрын Свириденко 2021 жылдан Украина премьер-министрінің бірінші орынбасары — Экономикалық даму және сауда министрі еді.[2] Президент Владимир Зеленскийдің ұсынысымен 2025 жылғы 17 шілдеде Свириденко премьер Денис Шмыгальдің ізбасары атанды.
Remove ads
Білімі
2008 жылы Свириденко Киев сауда және экономика ұлттық университетіндегі монополияға қарсы әкімшілік мамандығындағы оқуын бітірді.[2]
Мансабы
Свириденко өз мансабын «АМП» ЖШС украин-андорралық компаниясында 2008 жылы экономист ретінде бастады.[3]
2011 жылы Свириденко Чернигов қаласының Уси қаласындағы тұрақты өкілі атанды. Ол осылайша украин қаласы кеңсесінің қандай да бір Қытай қаласындағы жалғыз өкілі болды.[3]
2015 жылы ол Чернигов облысы экономикалық даму департаментіне басшылық ететін болды.[3]
2018 жылғы 30 шілдеден 28 қарашаға дейін ол Чернигов облысы губернаторының міндетін атқарушысы болды.[3]
2020 жылғы 5 мамырда президент Владимир Зеленский Свириденконы Үшжақты байланыс жасаушылар тобының әлеуметтік және экономикалық істер топшасындағы Украина өкілі етіп тағайындады.[3]
2020 жылғы 22 желтоқсанда Зеленский Свириденконы Президент кеңесі басшысының орынбасары қылды. Ол осылайша Юлия Коваливтің ізбасары атанды.[4]
2021 жылғы 4 қарашада Верховна Рада Свириденконы Премьер-министр бірінші орынбасары және Экономика министрі ретінде тағайындады. 256 депутат оның тағайындалуын қолдады.[5]
2022 жылғы сәуірде үкімет Свириденкоға Мемлекеттік санкция саясатын орындау агенттікаралық жұмыс тобын тапсырды.[6] Ол шетел елдердің Ресейге санкциясын көбейту жайлы келіссөздер жүргізді, әсіресе Ұлыбритания өкілдерімен біраз талқы өткізді.[7]
2025 жылғы 17 шілдеде Зеленский үкіметтегі кадрлық орын ауыстыру жариялады да, Свириденконы Украина премьер-министрі лауазымына ұсынды.[8] 17 шілдеде Верховна Рада оның тағайындалуын қолдап шықты.[1]
Отбасы
Свириденко үйленген, күйеуі — Сергей Игоревич Дерлеменко (укр. Сергій Ігорович Дерлеменко).[9] Жұптың София (укр. Софія) есімді қыз баласы бар.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads