Юри Джоркаефф
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Юри Джоркаефф (фр. Youri Djorkaeff; 9 наурыз 1968, Лион, Франция) — француз футболшысы, жартылай қорғаушы. 1998 жылғы әлем, 2000 жылғы Еуропа чемпионы.
Remove ads
Карьерасы
Юридің тегі қалмақ, әкесі Жан Джоркаефф Франция ұлттық футбол құрамасы сапында 1966 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.
Карьерасын 1984 жылы "Гренобль" клубында бастады. 1986 жылы клуб бапкері Пламен Марковтың шешімімен клуб капитаны боп тағайындалды.
1989 жылы болашақ жұбайы Софимен танысты да, сонымен бірге Страсбург қаласына қоныс аударды әрі қала аттас клубқа ауысты. Бірақ онда ұзақ ойнай алмады, 1990 жылы "Монакоға" ауысып кетті.
Кейін ПСЖ, "Кайзерслаутерн", "Интер", "Болтон", "Блэкберн" секілді клубтарда ойнады. 2006 жылы "Нью-Йорк МетроСтарз" клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.
Remove ads
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 1993 жылы 13 қазанда Израильге қарсы ӘЧ-1994 іріктеуінде алаңға шықты. Джоркаефф 1996 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты. 1998 жылғы әлем чемппионатында да құраманың жетекші ойыншыларының бірі болды.
2002 жылғы әлем чемпионатындағы құраманың сәтсіз қатысуынан соң Джоркаефф құрамадағы карьерасына нүкте қойды.
Жетістіктері
- Әлем чемпионы: 1998
- Еуропа чемпионы: 2000
- Конфедерациялар кубогының жеңімпазы: 2001
- Кубок иелері кубогы: 1996
- УЕФА кубогы: 1998
- Франция кубогы: 1991
- Франция чемпионатының үздік мергені: 1993/94
- "Интердің" үздік ойыншысы: 1997
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads