III Джеймс (Шотландия патшасы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
III Джеймс (шотл. Seumas III, ағылш. James III; 10 шілде 1451—11 маусым 1488) — Стюарттар әулетінен шыққан Шотландия патшасы (1460—1488), II Джеймстың ұлы.
Remove ads
Жас кезі
III Джеймс Шотландия патшасы II Джеймс мен Мария Гелдерннің ұлы. 1460 жылы 3 тамызда әкесі күтпеген жерден қайтыс болғаннан кейін, III Джеймс кішкентай болғандықтан елдің парламенті регенттік кеңесті басқаруға епископ Джеймс Кеннедиді тағайындады. Алайда патшадің анасы, Мария патшайым, кең жер иелігіне сеніп, саясатта басым рөлге үміткер болды. Нәтижесінде елде - регенттік кеңестің «кәрі лордтар» және патшайымның «жас лордтар» деген екі билік орталықтары құрылды.
Епископ Кеннеди мен Гелдерндік Мария арасындағы қақтығыс, әсіресе, сол кезде Алқызыл мен Ақ раушан соғысы жүріп жатқан Англиядағы оқиғаларға байланысты олардың саясатында айқын байқалды. 1461 жылы Ланкастердің жетекшілері Шотландияға қашып келді: Маргарита Анжуйлік, патша VI Генрих және Сомерсет герцогы. Шотландықтардың қолдауы үшін олар Шотландияға Берикті — тәуелсіздік үшін соғыстарынан кейін ағылшындар ұстап отырған соңғы бекіністі берді. Алайда, шотланд және ланкастер әскерлерінің бірлескен іс-әрекеттері (1461 жылы Карлайлды қоршау, 1463 жылы Норхэмді қоршау) нәтиже бермеді, ал 1463 жылдың соңында Ланкастерлер Шотландиядан кетіп қалды.
Мария қайтыс болғаннан кейін елдегі барлық билік епископ Кеннедидің қолында шоғырланды. Көреген және нәтижелі саясаткер 1564 жылы Англиямен бірге 15 жыл бойы бейбіт келісімшартқа қол жеткізе алды және 1462 жылы Англиямен Шотландияны бөлу туралы одақ құрған ол патшалық билікті елдің батыс бөлігіндегі кельттік сепаратистерінің көшбасшысы Аралдар лордын бағындырды.
Remove ads
Оркней мен Шетланд аралдарының қосылуы
25 мамырда 1465 жылы епископ Кеннедидің қайтыс болуы елді беделді көшбасшыдан айырды. Бұнымен елдегі билікті басып алып, жас патшаны бақылауында ұстаған, Бойд лорды, Роберт пайдаланды. Бойдтың ұлы, Томас, III Джеймстың апайы Марияға үйленіп, 1-Арран графы атанды.
Алайда Бойдтар өздерін байытуымен қатар, сыртқы саясатта үлкен жетістікке қол жеткізді: 1468 жылдың 8 қыркүйегінде Даниямен шарт жасалды, оған сәйкес Патша III Джеймс әйелдікке Дания патшасы I Кристианның жалғыз қызын алды, ал жасау ретінде Дания 1266 жылғы Перт келісіміне сәйкес Гебрид үшін төлемдерден бас тартты және Оркней және Шетланд аралдарын Шотландияға берді. 1469 жылы 10 шілдеде III Джеймс мен Маргарита Дат тойлары өтті. Көп ұзамай Оркней графы Уильям Синклер аралдардағы құқықтарынан бас тартты, осылайша Оркней мен Шетланд аралдары 1472 жылдың 20 ақпанында Шотландия патшасынің иелігіне өтті.
Патшаның некеге тұруы туралы келіссөздер аяқталуы Бойдтардың биліктен кетумен қатар болды: патша III Джеймс он жеті жасқа толып, қамқорлықтан құтылуға асықты. Бойд лорды, Роберт пен Арран графы, Томас елден қашуға мәжбүр болды.
Remove ads
Ішкі саясат
III Джеймс кезеңінде елдің қаржылық жағдайы тұрақты болды. Қазынаға кеденнен түсетін төлемдер төмендеді, бірақ ол бюджет кірісінің үштен екі бөлігін құрайтын патшадік доменнің кірістерімен өтелді. Бұл өсім жерді пайдалану тиімділігінің артуымен емес, патшаның жаңа жерлерді қосуының арқасында өсті (1472 жылы Оркней мен Шетланд аралдары, 1476 жылы Росс графтығы, 1487 жылы Марч пен Мар). III Джеймс билігінің ерекшелігі патшаның жерді жиі тәркілеу және оны жақындарының пайдасына қарай қайта бөлу болды. Осы кезеңде Шотландияда ақшаның жетіспеушілігі байқалды, бұл патшаны танымал емес шаралар қабылдауға мәжбүрледі: мыс тыйындарды айналымға енгізу.
III Джеймс кезінде парламент шақыру іс жүзінде жыл сайын болатын болды. Парламент елде тәртіп орнату, сот жүйесін оңтайландыру, ақша айналымын қалыпқа келтіру және сауданы ынталандыру деген мәселелерді өз қамқорлығына алды. Патшадің өзі өзгерістерді жүзеге асырылуындағы сәйкессіздіктермен ерекшеленді, бұл басқарудың тиімділігіне айтарлықтай әсер етті және шотландтық барондардың наразылығын тудырды.
Remove ads
I Джеймстың үлгісіне еліктей отырып, III Джеймс Папаның шотланд шіркеуінде лауазымдарды тағайындаудағы әсерін шектеу саясатын жалғастырды. Жауап ретінде, 1472 жылдың 13 тамызында, Папа IV Сикст Шотландияның шіркеу әкімшілігін толығымен қайта ұйымдастырды: Сент-Эндрюс епископы архиепископтық мәртебеге көтеріліп, барлық шотланд шіркеу мекемелері оған бағындырылды. III Джеймстың пікірін есепке алмай шіркеуді қайта құру, патшаның наразылығын тудырды. Бірінші шотланд архиепископты патшамен немесе елдің епископымен танылмай, оқшауланғаннан кейін, көп ұзамай ақыл-есінен айырылды. Рим папасы III Джеймстың Сент-Эндрюс архиепископын өзі тағайындау туралы өтінішін алғаннан кейін ғана Шотландиядағы шіркеуде бейбітшілік орнатылды. III Джеймстың Рим папасымен нәтижелі күресі патшаның шіркеу тағайындауларына қатысты беделін күшейте түсті.
Remove ads
Шотландияның таулы аймақтарындағы патшалық билікті енгізу саясатын жалғастыра отырып, III Джеймс 1475 жылы Аралдардың лорды және Росса графы, елдің кельтті бөлігінің көшбасшысы Джон Макдональдқа қарсы шабуылды бастады. Макдональдпен ағылшындармен келіссөздер туралы ақпаратқа сүйене отырып, III Джеймс оны мемлекеттік опасыздық жасады деп айыптады және мүлкін тәркілеумен қорқытты. Осы уақытта таулы кландар мен ұлы Ангуспен қиындықтарды бастан өткеріп жатқан Аралдар лорды, мойынсұнуға мәжбүр болды: ол 1476 жылы 15 шілдеде Росс пен Кинтайр графтығын III Джеймске беріп, патшадің билігін мойындады. Аралдар лордының бағынуы азаматтық соғысына жол бермеді және патшадік билік үшін елдің кельттік аймақтарын уысында ұстауға жол ашты.
Remove ads
1470 жылдардың аяғына таман патша мен оның бауырлары — Александр, Олбани герцогы мен Джон, Мара графы арасындағы қарсылық күшейді. Өзгеше талғамымен, музыкаға деген сүйіспеншілігімен және зергерлік бұйымдарды жинаумен, күдікті және дәйексіздігімен ерекшеленетін III Джеймс, бірте-бірте өзінің кіші інілеріне көбірек көңіл аудара бастаған шотланд барондардың ішінде ерекше көзге түсті. Замандастарының көзінше, мистицизмге бейім патша жақын туыстарының қолынан өледі деп болжанған. Бауыры Кларенс герцогының жазасын тарттырған Англия патшасы IV Эдуардтың ісіне қарап, 1479 жылы III Джеймс бауырларын дуагерлікпен айыптады. Патшаның бұйрығымен Мара графы өлтірілді, ал Олбани герцогы Францияға қашып кетті. Алайда, Шотландия парламенті Олбанидің мемлекеттік опасыздығын мойындаудан және оның жерін тәркілеуден бас тартты, бұл барондардың патшаға ашық қарсыласуға дайын екенін көрсетті.
Remove ads
Сыртқы саясат
III Джеймс билік еткен кезде сыртқы саяси жағдай әдетте жайлы болды: Шотландия Берикті алған соң Англия жеріне талаптары болмады, ал Алқызыл мен Ақ раушан соғысының салдары ағылшын патшасыне Шотландияға қарсы агрессиялық саясат жүргізуге мүмкіндік бермеді. Бұл екі британдық мемлекеттердің жақындасуына ықпал етті. 26 қазан 1474 жылы Шотландия патшасы ұлы, екі жасар ханзада Джеймс пен Англия патшасы IV Эдуардтың қызы бес жасар Сесилияның неке құру туралы келісім жасалды.
Франциямен одақ әсер етіп тұрды, бірақ Францияда XI Людовик билігі кезінде қатынастар салқын күйде қалды. Тек 1484 жылы VIII Карлдың таққа келгеннен кейін ғана франко-шотландық одақ туралы шарт қайта басталды.
Авантюризмге бейім патша III Джеймс алыс әулеттік құқықтары бар аймақтарға әскери экспедициялар ұйымдастыруға тырысты: Бретань, Гельдерн, Сентонж. Тек парламенттің қарсыластарының арқасында бұл жобалар іске асырылмады.
Жауынгер шотландтық барондардың наразылығына қарамастан, патша Англиямен жақындасу саясатын жалғастырды. 1479 жылы тағы бір ағылшын-шотландтық неке келісімі жасалды: III Джеймстың қарындасы Маргарита Англия патшасы-нің туысы Риверс графы, Энтони Вудвиллге тұрмысқа шығу керек болған. Алайда, көп ұзамай Маргаританың жүкті екендігі анықталды. Бұл жанжалды Шотландиямен келіссөздерді бұзып, 1480 жылы ағылшын флотын шотландтық порттарды ойрандауға жіберген Эдуард IV пайдаланды. III Джеймстың жауабы тиімсіз болды. 1481 жылы Глостер герцогы бастаған ағылшын әскері Берикті қоршауға алды. III Джеймс әскерилендірілген жасақты жұмылдыруды жариялауға мәжбүр болды.
Remove ads
Лодерлік бүлік
1482 жылы ақсүйек жасақтарын әскерге шақыруды патшаның ішкі саясатының тиімсіздігіне, барондарды әкімшілікке араласудан алшақтату, фавориттерінің озбырлықпен жоғарғы билік органдарын иемдену және ең бастысы, жер меншіктегі кепілдіктердің жоқтығына қанағаттанбаған шотланд магнаттары пайдаланып қалды. Ангус графының бастамасымен Лодерде жиналған шотландтық барондар патшаның фавориттерін ұстап, жазалады. III Джеймстың өзі көтерілісшілердің бірі — бауыры Атолл графының бақылауымен Эдинбург қамалына барды. Жасақ таратылды.
Лодерлік бұлікпен ағылшындар дереу пайдаланды: олардың әскері Эдинбургке келді. Ағылшын әскерімен бірге Шотландияның патшасын құлатуды жоспарлаған Олбани герцогы да оралды. Ол роялистермен келісіп, елдегі билікті басып алды: Лодерлік бүліктің басшылары конструктивті бағдарламаны ұсына алмады, көп ұзамай олар биліктен ығыстырылды. Атолл графы патшаны Олбани герцогына тапсырды. Сонымен қатар, 2482 жылдың 24 тамызында Берикті мәңгілікке Англияның құрамына енгізді.
Өз билігін нығайтуға тырысқан Олбани герцогы парламентті шақырды, бірақ парламент мүшелері патшаны қолдады. Біртіндеп, III Джеймс барондардың уысынан шығып, Олбаниге ағылшын патшасымен келіссөз жүргізуді деп айыптап, 1483 жылдың наурызында оны биліктен шеттетті. Олбани герцогы қайтадан елден қашуға мәжбүр болды.
Ханзада Джеймстың көтерілісі мен патшаның өлімі
Лодерлік бүлік пен Олбани герцогының таққа талаптары, III Джеймсті көтеріліс басылғаннан кейін өз саясатын түбегейлі өзгертуге мәжбүрлемеді. Тек Аргайл графы бастаған роялистердің бір бөлігі ғана ел үкіметіне қатысуға рұқсат етілді. Англиямен одақ қайта жанданды: шотландтық жасақтар 1485 жылы Генрих Тюдорға ағылшын тағын басып алуда қолдау көрсетті. Шекарадағы барондар, бітімге қарамастан, ағылшындардың жерін тонауларын қоймады. III Джеймс барондарға қатал түрде қысым көрсетті, бірақ бұл қарсылықты күшейтті.
Бұл жолы наразылық тудырғандарды патшаның үлкен ұлы 15 жасар Ротсей герцогы, Яков бастады. Патша мен ханзада арасындағы қақтығыс кезінде III Джеймстың жағында солтүстік Шотландияның магнаты мен биік таулардағылардың көбісі болды, ал ханзаданы елдің оңтүстігіндегі барондар қолдады. 1488 жылы 11 маусымда Сочиберн түбіндегі шайқаста патшадік әскер ханзаданың әскерімен талқандалды. Ұрыстың басында шайқас алаңынан қашып кеткен III Джеймс атынан құлап, белгісіз бір серімен ұсталып, семсермен шаншылды.

Тұрақты аңыздар, XVI ғасырдың жазушыларының өте сенімді емес дәлелдеріне негізделген құжаттарда, III Джеймс шайқастан кейін, Бэннокбёрнге жақын Милтаунде өлтірілді делінеді. Бұл пікірді қолдайтын замандастардың ешқандай дәлелдері жоқ, бірақ кейінірек Вальтер Скоттың қайталанған аңызында, қылмыскер патшаға жақындау үшін діни қызметкер ретінде киінген делінеді.
Патшаның басқа қателіктері болса да, Джеймс 1482 және 1488 жылдардағы әскери жанжалдарға қатысқанын және құрлыққа әскерді қондыруға арналған утопиялық жобаларын ескере отырып, оның қорқақ емес екендігіне көз жеткізуге болады. Сірә, ол шайқас қызып тұрғанда қаза тапты. III Джеймс Камбускеннет аббаттығында әйелімен бірге жерленген.
Remove ads
Неке мен балалары
Әдебиет
- Donaldson, G. Scottish Kings, 1967
- Nicholson, R. Scotland: the Later Middle Ages, 1974
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads