II Джеймс (Шотландия патшасы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
II Джеймс (шотл. Seumas II, ағылш. James II; 16 қазан 1430 — 3 тамыз 1460) — Стюарттар әулетінен шыққан Шотландия патшасы (1437—1460), I Джеймстың ұлы.
Remove ads
Жас кезі
II Джеймс Шотландия патшасы I Джеймс мен Джоан Бофорттың ұлы. 1437 жылы 21 ақпанда I Джеймске бүлікшілер қастандық жасады. Патша қайтыс болды, ал он алты жасар ханзада Шотландия патшасы атанды. Елдің парламенті кәмелет жасына толмаған патшаны бағуды анасы, Джоан патшайымына жүктеді, ал Шотландияның регенті болып Арчибальд Дуглас, 5-Дуглас графын тағайындады.
I Джеймс қайтыс болғаннан кейін бірден елде анархия басталды: бір-бірімен жауласушы шотландтық барондард қаза болған патша тәркіленген жерлерді басып алуға немесе патшадік әкімшілікте өз биліктерін орнатуға тырысып, ішкі соғыстар бастады. Ірі шонжарлардың, әсіресе Дугластар пен Аралдар лордының беделі күрт өсті. Алайда, осы кезеңнің ерекшелігі елдегі билік етуге ұмтылған екі ұсақ ақсүйек отбасылар, Ливингстондар мен Крайтондардың күтпеген жерден дәуірлеуі болды: жас патшаны біресе бір жақ, біресе екінші жақ уысында ұстады.
1439 жылы Дуглас графы қайтыс болғаннан кейін тәртіпсіздік одан бетер күшейе түсті: Шотландия регенттерінің лауазымы бос қалды, Ливингстондар мен Крайтондар арасындағы ішкі соғысты тоқтатуға елде ешқандай күш болған жоқ. 1444 жылы жаңа Дуглас графымен біріккен Ливингстондар патшалық әкімшілікте өз билігін орнатып, барлық бәсекелестерді жояды.
1448 жылы Англияға қарсы соғыс қимылдары қайта жанданды. Ағылшындардың Лотианға басып кіруіне жауап ретінде, шотланд әскері 1449 жылы Алник бекінісін алып, қиратты. 1448 жылы 31 желтоқсанда Франциямен әскери одақ жанданды, француз патшасы VII Карлдың қызметіндегі шотландиялық гвардия ағылшындарды Нормандиядан қууға белсене қатысты. 1449 жылы Бургундиямен сауда туралы келісім жасалды, оған сәйкес шотланд саудагерлер Бургундия үйіне тиесілі Нидерландыда еркін сауда жасау құқығына ие болды. Шотландия-бургундия жақындасуы 1449 жылы 3 шілдеде жас патша II Джеймс мен Бургундия герцогы, Филипптің бөлесі, Гелдерндік Марияның некесімен бекітілді.
II Джеймстің үйленуі оның саясатқа араласуын білдірді. Патшаның алғашқы іс-әрекеті Ливингстондарды құлату болды: 1450 жылдың басында осы отбасының барлық мүшелері әкімшіліктегі лауазымынан босатылды, олардың мүлкі тәркіленді және Шотландияның қазынашысы Роберт Ливингстон өлтірілді.
Remove ads
«Қара Дугластарды» талқандау
1450 жылы жас билеуші билік басында келгенде, мемлекеттік басқармада аласапыран орнап тұрған, елдегі он жылдық анархиядан қазына бос болды. Неке шартының талабына сәйкес, патша Гелдерндік Марияға 5 мың фунт стерлинг көлеміндегі жылдық табысты қамтамасыз етуге тиіс еді. Патшадік доменнен келетін табыс жеткіліксіз болды. Королдің кедейлігінің арқасында ірі шотландық магнат — 8-Дуглас графы, Уильям Дугластың байлығы патша сарайының әдемілігінен асып түсетін. 1451 жылы Дугластың Римге қажылыққа баруын пайдаланып, патша әскері графтың жерін басып алды. Дегенмен, Уильям Дугластың қайтып келуі II Джеймсті шегінуге мәжбүр етті — патша әлі де Дугластармен күресуге күші жетпеді.
1452 жылдың басында Яков алдын ала жазылған қауіпсіздік кепілдігін беріп, Дугласты Стерлингке келіссөзге шақырды. 1452 жылғы 22 ақпандағы кешкі ас кезінде Дугластың Макдональдпен одақты құртудан бас тартқан кезде, патша графқа пышақ сұғып өлтірді.
Қауіпсіздіктің кепілдіктерін бұзғаны үшін елде наразылық туды. Стерлингте көптеген жасақты бастап Дугластың жаңа графы, Уильям Дугластың бауыры - Джеймс келді. Ол патшаның опасыздығын айыптап, қарым-қатынасты үзіп, Стерлингті өртеп жіберді. Сонымен бірге «Қара Дугластардың» одақтастары - Аралдар лорды, Джон Макдональд және Кроуфорд пен Морей графтары патша күшіне қарсы көтерілісті бастады. Дегенмен, көтеріліс дәстүрлі феодализм шеңберінде сюзеренге мойынсұнудан бас тартумен шектелді: Дуглас монархты құлату мүмкіндігін пайдаланбады. II Джеймс, Шотландия парламентінің қолдауына ие болып, Дугластың иелігіне әскери экспедиция ұйымдастырды. Нәтижесінде, 1452 жылдың соңына қарай Дуглас графы мен патша татуласты. 1455 жылы Англияда Дугластардың ағылшын қолдаушысы Йорк герцогы Ланкастерлермен биліктен шеттетіліп, Англияда Алқызыл мен Ақ раушан соғысы басталды, ал патша II Джеймс «Қара Дугластар» үйіне шабуылын қайта жаңғыртты. Патша әскері Дуглас графының жеріне басып кіріп, Англияға қашуға мәжбүр етті. Аркингольм түбіндегі шайқаста Дугластың жақтастары жинаған әскер талқандалды, Морей графы қаза болды. Королдің қысымымен, 1455 жылы тамызда Шотландия парламенті Дуглас пен оның жақтастарына опасыздық деген айып тағылып, олардың мүлкін тәркілеуге шешім қабылдады.
«Қара Дугластардың» құлдырауы Шотландиядағы патша билігі мен Стюарттар әулетінің салтанатты жеңісі болды. Көптеген жағдайларда бұл жеңіс II Джеймстің жеке қасиеттеріне байланысты болды: ең заманауи әскери құралдарды белсенді қолданатын танымал стратег және қолбасшы (мысалы, ауыр артиллерия), сондай-ақ Дугластың жақтастарын бейтараптандыру үшін жеңілдік пен параны қолдана алған саясаткер (Аралдар лордымен қоса). II Джеймсте Роберт Брюс пен XI Людовиктың жеке қасиеттері түйісті.
Remove ads
Ішкі саясат
Ірі ақсүйектерді құлату патшаға жаңа режимді құруға мүмкіндік берді: II Джеймстің титулдар мен жерлерді жаппай тарату орта санаттағы ақсүйектер өкілдерінен граф атағын алған және королдік билікпен тығыз байланысты «жаңа асыл тектілер» құруға үлес қосты (Гордондар, Кэмпбеллдер, Синклерлер). Тағы II Джеймс шақыруы патша билігінің соңында тұрақты болатын парламенттің қолдауына сүйене алды. Парламент арқылы Шотландияда мемлекеттік билікті нығайтуға жәрдемдесу үшін маңызды іс-шаралар өткізілді: ұрпақтан-ұрпаққа берілетін лауазымдарды жою, сот жүйесінің реттелуі, королдік домен жерлерінің көп бөлігін, оның ішінде ең маңызды шотландтық қамалдарын қоса алғанда (Эдинбург, Стерлинг, Дамбартон), парламентке мүлкін алу қажеттілк принципін енгізу.
Королдік қазынаның қаржылық жағдайы «Қара Дугластың» мүлкін тәркілегеннен кейін жақсарды: патшаның доменінен түсетін кірістер, тәркіленген жер мен кедендік төлемдердің жалпы сомасы жылына шамамен 10 мың фунтқа жетті. Алайда елідің көптеген аймақтарының құлдырауына әкеп соқтырған анархия мен азаматтық соғыстар жылдары салықтарды алу тәжірибесіне қайта оралуға мүмкіндік бермеді: ел сол қалпы әмбебап салық салусыз өмір сүрді. II Джеймстің билігі кезінде феодалдық міндеттемесіз «фью-фарминг» шартына сәйкес жерді беру тәжірибесі кеңейтілді, тек патшаға ақшалай үлес төлеген жағдайда ғана, бұл вассалдық жүйенің ыдырауын көрсетті.
1451 жылы II Джеймс заңгерлік білім беруді дамыту мақсатында Глазгоде екінші шотландық университетті құрды.
Сыртқы саясат
Яковтың II сыртқы саясаты, тұтастай Англияға дәстүрлі қарсылық аясында қалды. Патша Шотландия, Франция, Дания және Кастилиядан анти-ағылшын одақ құруға тырысты, алайда сәтсіз аяқталды. 1456 жылы Англияда Алқызыл мен Ақ раушан соғысының басталуын пайдаланып, II Джеймс Нортумберлендке жорыққа шықты. Ланкастерді 1460 жылдың шілде айында Нортгемптон түбіндегі шайқаста жеңгеннен кейін, патша анасы жағынан Ланкастерге жатады, қайтадан ағылшындар жеріне үлкен әскермен кіріп, Роксбороны қоршады. Алдайда, жарылған зеңбіректің кездейсоқ сынық бөлігі, патшаны жаралады, II Джеймс сол жерде қайтыс болды. Роксборо бір аптадан соң құлады - бір ғасырдан астам уақыттан бері ағылшындардың қолында болған соңғы шотландтық бекіністердің бірі, ақырында, патшалыққа қайтарылды.
Remove ads
Неке мен балалары
Әйелі: 1449 жылдан бастап — Гелдерн герцогы, Арнольдтың қызы Гелдерндің Мария. Олардың балалары:
- Ұл (1450 жылы 19 мамырда туды және қайтыс болды)
- III Джеймс (1451—1488), Шотландия патшасы (1460 жылдан бастап)
- Мария (1453—1488), 1467 жылы 1-Арран графы, Томас Бойдке тұрмысқа шыққан; 1474 жылы Джеймсом Гамильтонге тұрмысқа шыққан.
- Александр (1454—1485), Олбани герцогы
- Маргарита (1455—белгісіз), Крайтон лорды, Уильямға тұрмысқа шыққан.
- Дэвид (1455—1457), Морей графы
- Джон (1459—1479)
Remove ads
Әдебиет
- Donaldson, G. Scottish Kings, 1967
- Nicholson, R. Scotland: the Later Middle Ages, 1974
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads