Янцзы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Янцзы, Чаңжиаң (қыт. дәст. 長江, жеңіл. 长江, пінин: Cháng Jiāng, сөзбе-сөз: «ұзын өзен»[1]; төменгі ағысындағы тарихи атауы — қыт. дәст. 揚子江, жеңіл. 扬子江, пінин: Yángzǐ Jiāng) — Еуразиядағы ең ұзын және мол сулы, әлемдегі үшінші ең ұзын өзен[2]. Қытайдың аумағымен ағады[3].
Remove ads
Географиялық сипаттамасы
Ұзындығы 5800 км, су жиналатын алабының аумағы 1808,5 мың км².
Бастауын Тибет таулы қыратының орталық бөлігіндегі 5500 метр биіктіктегі Тангла және Кукушили жоталарындағы мұздықтардан алып, Шығыс Қытай теңізіне атырау жасап (ауданы 80 мың км²) құяды.
Янцзы аңғар, арна және ағын ерекшеліктеріне қарай 3 бөлікке бөлінеді:
- жоғарғы ағысы – бастауынан Ибинь қаласына дейін (2700 км),
- орта ағысы – Ичан қаласына дейін (1020 км)
- төмен ағысы – атырауына дейін (2080 км).

Жоғары ағысында терең, тар шатқалмен су құлама жасап ағады, еңісі 5 мың метрден асады.
Орта ағысы қырқалы Сычуань қазаншұңқыры және қатпарлы жоталар үстімен өтеді, еңісі 251 метр, орташа ені 300 – 600 метр, шатқалдардағы тереңдігі 80 – 110 мтр, ағыс жылдамдығы 5 – 7 м/с.
Төмен ағысы аллювийлік Цзянхань және Солтүстік Қытай жазығының оңтүстік бөлігімен ағады. Еңісі 80 метр, орташа ені 600 метрден 2 км-ге дейін, ағыс жылдамдығы 1 м/с. Ірі салалары Ялунцзян, Миньцзян, Цзялинцзян, Ханьшуй (Цзюйхэ). Оң жақ жағалауындағы Дунтинху, Поянху көлдері өзеннің су ағысын реттеп отырады. Орташа су ағымы 34 мың м³/с; су режимі муссондық; жазда су деңгейінің ауытқу шегі жазық бөлігінде 10 метрге дейін көтеріледі. Янцзы және оның салаларында су тасқынынан қорғану үшін ұзындығы 2,7 мың км-дей көтерме бөгеттер (дамбылар) тұрғызылған. Өзеннің тек жоғары бөлігі ғана қатады, 2850 км бойы кеме жүзеді. Төмен бөлігі Ұлы каналмен жалғастырылған. Теңіз суының көтерілуі сағасынан 700 км-ге дейін таралады. Янцзы жыл сайын 280 – 300 миллион тонна тасындылар мен тосқындарды шайып әкетеді. Егістік (негізінен күріш алабы) суаруға пайдаланылады. Янцзы – Қытайдың басты су магистралі. Алабындағы су жолының жалпы ұзындығы 17 мың км. Өзен бойында Нанкин, Ухань, Чунцин, Чэнду, т. б. өнеркәсіп орталықтары, атырауында Шаңхай қаласы орналасқан[4][5][6].
Remove ads
Тармақтары
Янцзы тармағында 700 өзен бар. Ең ірілері:
- Ялунцзян
- Миньцзян
- Цзялинцзян
- Туо
- Ханьшуй (Цзюйхэ)
Орта айлық су шығыны (64 жылдың мәліметтері бойынша)

Янцзы өзеніндегі ірі қалалар
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Янцзы Нанкин қаласының тұсында | Таңгула мұздықтары өзен қайнар көзі болып табылады |
Сілтемелер
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads