Яцек Гуральски
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Яцек Гуральский (пол. Jacek Góralski; 21 қыркүйек 1992 жыл[1], Быдгощ) — польшалық футболшы, Польша Ұлттық футбол құрамасы мен "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы.
Remove ads
Карьерасы
"Завиша" клубының түлегі. 2010 жылы осы клубта кәсіпқой карьерасын бастады.
2011 жылы "Виктория" (Короново) клубына ауысты. Көп ұзамай "Висла" клубына өтті де, төрт маусым ойнады.
2015 жылы елдегі үздік клубтардың бірі "Ягеллония" қатарын толықтырды. 19 шілдеде "Корона" клубына қарсы ойында тұңғыш рет "Ягеллония" сапында алаңға шықты. Екі маусымда Экстраклассада 57 рет алаңға шықты.
2017-19 жылдары Болгарияның "Лудогорец" клубында ойнады.
2020 жылдың басында "Қайратқа" ауысты. Маусым соңында Қазақстан чемпионы атанды.
Remove ads
2016 жылы 14 қарашада Словенияға қарсы жолдастық кездесуде Польша сапында алаңға шықты. 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
- Болгария чемпионы (2): 2017/18, 2018/19
- Болгария суперкубогы (2): 2018, 2019
- Қазақстан чемпионы (1): 2020
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads