Ғафур Ғұлам
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ғафур Ғұлам (шын аты-жөні — Ғафур Ғұламов) (1903—1966), - өзбек совет ақыны публицист. Өзбек КСР Халық ақыны (1963). Ленин сыйлығының 1970 және Сталин сыйлығының екінші дәрежелі (1946) лауреаты. Хамзамен бірге жаңа өзбек өлең ұйқасының негізін салушы ретінде танымал.

Өмірбаяны
Ғафур Ғұлам 1903 жылы 27 сәуірде Ташкентте шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі өзбек және тәжік өлеңдерін оқығанды ұнататын, сонымен қатар орыс тілін де меңгерген болатын. Жиі өлең де жазған. Олардың үйлерінде Мукими, Фуркат, Асири, Хислат және басқа да ақындар жиі-жиі бас қосып тұратын.
1916 жылдың күз айларынан ол училищеде оқи бастайды. Әкесінің өлімінен, сонсоң анасының өлімінен кейін жетім қалады. Он шақты мамандықты байқап көрген. Азамматтық соғыс жылдарында балалар үйіне қабылданады. Баспаханада мәтін теруші бола жүріп, педагогикалық курстарда оқи бастайды. Ташкент педагогика университетін тәмамдаған. 1919-1927 жылдары мұғалім, мектеп директоры, Ағарту ісі жұмысшылар одағының төрағасы болып қызмет атқарады. Балалар интернатын ұйымдастыруға және қабылдау пунктерін жасауға үлкен үлес қосады.
1923 жылдан бастап өзінің алғашқы өлеңдерін, сондай-ақ очерк және сықақ әңгімелірін жариялай бастайды. Оның «Феликс балалары» атты алғашқы өлеңі «Маориф ва укитувчи» журналында 1923 жылы жарық көреді. А. С. Грибоедовтың, М. Ю. Лермонтовтың, В. В. Маяковскийдің, Н. Хикметтің, Ш. Руставелидің, Низами, Дантенің, П. Бомаршенің, У. Шекспирдің туындыларын өзбек тіліне аударған.
Өзбек КСР ҒА академигі (1943).
Ғафур Ғұлам 1966 жылы 10 шілдеде қайтыс болады. Ташкенттегі Шағатай мазарында жерленген.
Remove ads
Марапаттар және сыйлықтар
- Сталин сыйлығының екінші дәрежесі (1946) — 1943 жылы «Иду с Востока» өлеңдер жинағы үшін
- Ленин сыйлығы — соңғы жылдардағы өлеңдері үшін
- үш Ленин ордені
- Қызыл Ту Еңбек ордені (1939)
- «Знак Почёта» ордені
- тағы екі орден мен медалдар
Туындылары
- «Кукан-батрак» (1930)
- «Юлдаш»
- «Юмористические рассказы» (1931);
- «Хитрости в шариате» (1930);
- «Мой сыночек воришка» (1965).
- «Нетай»[1] (1930);
- «Озорник» (1936 - 1962);
- «Ядгар» (1936);
- «Оживший труп»;
- «Кто виноват?»;
|
|
|
|
Remove ads
- «Навои и наша эпоха» (1948)
- «Фольклор - неиссякаемый источник» (1939)
- «Драма о Джалалиддине» (1945);
- «Мукими»(1941)
- «Отелло» В. Шекспира
- «Женитьба Фигаро» П. Бомарше
- «Зоя» М. И. Алигер
- «За тех, кто в море !» Б. А. Лавренёва
Дереккөздер
- Якубов Х., Гафур Гулям. Жизнь и творчество, Ташкент, 1959;
- Гафуру Гуляму — 60 лет. [Статьи Н. Тихонова, К. Яшена, М. Турсун-заде], «Звезда Востока», 1963, № 5;
- Мамажонов С., Гафур Гулом прозаси, Тошкент, 1966;
- Шукуров Н., Гафур Гуломнинг лирик поэзиядаги маорати, Тошкент, 1966.
Сілтемелер
- Деятели литературы. Гафур Гулям Мұрағатталған 7 қыркүйектің 2009 жылы.
- Үлгі:Из
- Мастура Исхакова «Гафур Гулям. Озорник из Ташкента». Сайт «Письма о Ташкенте»
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads