Ғылыми фантастика

From Wikipedia, the free encyclopedia

Ғылыми фантастика
Remove ads

Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.

Thumb
Г. Уэлсстың «Әлемдер соғысы» марстықтардың жерге шабуылы
Thumb
Альбер Робиданың қиялындағы 2000 жыл.

Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.

Фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.

Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық-әлеумметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды.

Remove ads

Қазақ ғылыми фантастикасы

Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде XX ғасырдың 7080-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетіндегіндегі ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарын («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда.

Remove ads

Кинофильмдерде

Кинода ғылыми фантастика жанры XX ғасырдың басында қалыптаса бастаса, ал бейнелеу өнеріндегі ғылыми-фантастика жанры көбінесе көркем шығармалардың сюжеттері негізінде қалыптасқан.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  • “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6


Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads