Қаракесек (Арғын)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Қаракесек (Болатқожа) – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі арғын тайпасының "Бес мейрам" аталатын рулар бірлестігіне кіреді. Қаракесектен: Қамбар, Майқы, Бошан, Таңас тарайды. Ш. Құдайбердіұлы Майқы мен Бошанды тоқалдың бел балалары, қалғандарын асыранды ұлдар деп есептейд. Мұндай пікірлерді Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Ә. Бөкейхан, М. Тынышбаев та айтқан. Халық арасында кей шежірелерде болатқожаны даралап "төрт қаракесек" (болатқожа, қамбар, жалықпас, шұбыртпалы), басқаларында "үш қаракесек"(шұбыртпалы кірмейді) деседі. Қаракесектің рулық ұраны мен таңбасы бүкіл арғын тайпасымен бірдей болғанымен, арғын ішінде болатқожаның шешесі Қарқабат атын ұран еткен.[1]
Remove ads
Территория
Қарағанды облысының шығысын, Шығыс Қазақстан облысының батысын, Павлодар облысының оңтүстігін мекендейді.
Болатқожа руы
Болатқожа руы Бошан (Таз, Байбөрі, Машай,Жанту, Манат), Әлтеке (Алмұрат, Дос, Қойкел, Сапақ, Есболат, Өтеген), Сарым (Тоқсан, Өтеміс), Қара (Қожас, Жарас, Бәркөз, Өтеп, Тақабай, Мұрат, Дүзен, Тоқан) және Шор (Дүйсенбай, Шекшек, Тілеубай, Әйтімбет, Қожам, Әлтөбет) сияқты аталарға бөлінеді.[2]
Шежіресі


Арғы атасы Арғын-ата, одан Қодан-тайшы, одан Ақжол би аталған - Дайырқожа. Дайырқожадан:
- Бәйбішесінен Қарақожа
- Қарақожа бәйбішесінен Мейрам-сопы (Бес Мейрам)
- Мейрамсопы бәйбішесінен: Қуандық, Сүйіндік (Орта жүз), Бегендік, Шегендік
- Мейрамсопы тоқалынан: Болат (Қаракесек)
- Қарақожа бәйбішесінен Мейрам-сопы (Бес Мейрам)
Ақша
|
Түйте |
Басқалары
|
Y-ДНК анализі
74%-ы Y-ДНК гаплогруппасы G1[3]
Пікірлер
1763 жылдың 11 наурызында жазылған Қазыбек би туралы Фрауендорофтың Ресей Сыртқы істер алқасына мәлімхатында: «Өйткені Арғынның ішіндегі ең күштісі – Қаракесек ұлысы. Оның барлық билігі Қазыбек бидің қолында. Қазыбек би бүкіл Орта жүзде ең басты би болып табылады." деген екен.[4]
Тұлғалар
Remove ads
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads