Қаракеңгір

From Wikipedia, the free encyclopedia

Қаракеңгір
Remove ads

Қарақеңгір, КеңгірСарысу өзенінің ірі саласының бірі, Ұлытаудың Жақсы Арғанаты сілемдерінен басталып, бағытын өзгертпей, солтүстіктен оңтүстікке қарай ағып өтеді. Биік және дара шоқылар арасымен өткенде аңғарлары таралып, каньон тәрізді тар шатқалды, терең арналы келеді. Өзеннің төменгі ағысында Жезқазған қаласы орналасқан. Қала маңында Кеңгір су қоймасы салынған.

Quick facts Қаракеңгір өзені, Сипаттамасы ...
Remove ads

Географиялық орны

Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 295 км. Су жиналатын алқабы 18,4 мың км2.

Бастауы

Ұлытау ауданындағы Барақкөлдің шығысында 7 км жердегі бұлақтан басталып Сүргіті қыстауы тұсында Сарысу өзеніне оң жағынан құяды. Негізгі салалары: Сарыкеңгір, Жыланды, Жезді.

Гидрологиясы

Арғанатының ені 0,3-0,5 км, тік жарлы, арнасы 1-30, кейбір жерлер 70-80 м. Жауын-шашын суынан толысады. Жылдық орташа су шығыны секундына 3,51 м3. Суы өнеркәсіп мұқтажыла, халық кажетіне, мал, егін суаруға пайдаланады.[1]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads