Қарашина

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Қарашина (өзб. Karashina/Карашина) — қала типтес елді мекен, Өзбекстанның Қашқадария облысы Диқанабат ауданының әкімшілік орталығы. Халқының саны 2002 жылы 8,4 мың адамды құрады.

Қарашина ауылы — облыстың оңтүстік бөлігінде, таулы аймақта орналасқан. Елді мекен Гисар жоталарының арасындағы тар алқапты бойлай созылып жатыр. Маңайдан Ғұзардан Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасына апаратын халықаралық автомагистраль (2000 жылдары салынған) өтеді. Көрші Диқанабатта жаңа Ғұзар-Құмқорған желісінде теміржол стансасы бар. Облыс орталығы Қаршыдан 101 шақырым жерде.

Қарашина — өнеркәсіптік ауыл. Оның негізгі кәсіпорны Диқанабат калий тыңайтқыштары зауыты Орталық Азиядағы жалғыз осындай кәсіпорын болып табылады. Ол 2010 жылы іске қосылды. Зауыт шикізатты Түбеған калий кенінен алады. Мұнда метеорологиялық станса, егін базары, спорт кешені, шағын кеңсе және сауда орталықтары, мәдениет мекемелері бар. Айналасында минералды бұлақтар да кездеседі.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads