Қызылжарма

From Wikipedia, the free encyclopedia

Қызылжарма
Remove ads

ҚызылжармаҚызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қызылжарма ауылдық округі орталығы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Географиялық орны

Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Сырдария өзенінің оң тармағы Тентектің бойында.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 4126 адам (2062 ер адам және 2064 әйел адам) болса, 2009 жылы 5484 адамды (2721 ер адам және 2763 әйел адам) құрады.[1]

Тарихы

Іргесі 1934 жылы қаланған. Кейіннен осы маңдағы 1936 жылы Ленин атындағы және Тентекөзен артельдері бірігіп, “Комсомол” ұжымшары болып ұйымдасқан.

1938 жылы “Красный пахарь” (Сәдірсай) ұжымшары құрылды. 1950 жылдары ұсақ ұжымшарлар бірігіп, “Комсомол” ұжымшарына, 1961 жылы кеңшарға айналды. 1971 жылы мұнда Қазалы ауыл шаруашылығы техникумы көшірілді. 1992 жылы Қызылжарма Қызылорда қалалық аумақтық-әкімдік басқаруына берілді. Ауылда “Айдай” құс фабрикакасы жұмыс істейді.[2]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads