Қызылжар ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Қызылжар ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1967 жылы Бескөл ауданы болып құрылған. 1997 жылы Соколов ауданының қосылу нәтижесiнде аумағы кеңейді. Аумағы 6,15 мың км2. Орталығы – Бескөл ауылы, облыс орталығымен аралығы 12 км.
Remove ads
Тарихы
Бескөл ауданы 1967 жылы 2 қаңтарда құрылды. Құрамына Мамлют ауданының Архангел, Боголюбов, Куйбышев, Петерфельд; Соколов ауданының Асанов, Бескөл, Прибрежный, Светлополь; Ленин ауданының Новоникольск ауылдық кеңестері енді. Сол жылы 6 қаңтарда Заречный ауылдық кеңесі Ленин ауданынан Бескөл ауданына берілді.
1968 жылы 26 тамызда орталығы Рассвет ауылында Рассвет ауылдық кеңесі құрылды; Боголюбов ауылдық кеңесі таратылып, аумағы Куйбышев ауылдық кеңесіне берілді және Заречный ауылдық кеңесі Ленин ауданына кері қайтарылды.
1969 жылы 19 мамырда Андреевка ауылында құрылған ауылдық кеңеске 9 маусымда Андреев ауылдық кеңесі атауы берілді.
1972 жылы 26 маусымда Плоское ауылында құрылған ауылдық кеңеске 7 шілдеде Шахов ауылдық кеңесі атауы берілді.
1976 жылы 3 шілдеде Новокаменка ауылында құрылған ауылдық кеңеске 20 шілдеде Новокамен ауылдық кеңесі атауы берілді.
1979 жылы 7 қыркүйекте Леденево ауылында құрылған ауылдық кеңеске 24 қыркүйекте Леденев ауылдық кеңесі атауы берілді.
1994 жылы 12 қаңтарда бұрынғы ауылдық кеңестер шекарасында ауылдық округтер құрылды.
1997 жылы 12 ақпанда Новокамен ауылдық округі Архангел ауылдық округіне, Шахов ауылдық округі Прибрежный ауылдық округіне қосылды. Сол жылы 18 сәуірде таратылған Соколов ауданының аумағы қосылып, Бескөл ауданы Қызылжар ауданы болып өзгертілді.
2000 жылы маусымда Рощин ауылдық округі (орталығы Пеньково а.) мен Лесной ауылдық округі (орталығы Пресновка а.) құрылды.
2003 жылы 27 наурызда Қызылжар ауылдық округі (орталығы Элитное а.) құрылды.[4]
Remove ads
Жер бедері, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Оңтүстiгiнде Есiл және Аққайың, шығысында М. Жұмабаев, батысында Мамлют аудандарымен және солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Түмен облысымен шектеседі. Аудан жері Есіл өзенiнiң бойында, орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Жер бедері жота-жонды, бел-бұйратты, тоғайлы-ойпаңды, жазық жерлер мен Есіл-Тобыл және Есіл-Ертіс өзендері аралықтарындағы Батыс Сібір жазығының көл шұңқырлары да жатады. Аудан аумағының бүкіл меридиандық бағытымен жайылмасында ескі арналары мен шығанақ-қойнауы мол Есіл өзені ағып жатыр. Оның аудан аумағындағы ұзындығы 166 км. Өзеннің кең аңғары шөптесінге бай, мұнда бетеге, боз, бидайық, сұлыбас, қалуен, жусан және басқа да азықтық, емдік шөп өседі. Ауданның аумағының 18%-ын орман қамтыған. Кейбір жер телімдерінде «Қазақстан Қызыл кітабына» енгізілген байырғы геологиялық дәуірдің реликті өсімдіктері сақталған. Ағаштан қайың, көктерек, сібір үйеңкісі, терек өседі. Бұталары: тал, итмұрын, шие, т.б. Жеуге жарамды саңырауқұлақ, жидектер бар. Хайуанаттар әлемі – бұлан, елік, қабан, қасқыр, түлкі, қоян, ондатра, т.б. Құстары: аққу, қаз, үйрек, бүркіт, тектестер, т.б. Өзен-көлдерінде шабақ, табан, алабұға, шортан, лақа, шаян өседі. «Қызыл кітапқа» ақ тышқан, елік, борсық, өсімдіктен – Шолпанкебіс, бұйра лалагүл, саз қазанағы, көктем жанаргүлі, ақ-тұңғиық, кәдімгі арша енгізілген. Ауданда "Согров табиғи қорықшасы", "Серебряный бор" орманы, т.б. республикалық деңгейдегі мемлекеттік табиғат ескерткіштері орналасқан.[5]
Remove ads
Халқы
Тұрғындары 44 214 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (57,26%), қазақтар (31,30%), немістер (3,19%), украиндар (2,27%), татарлар (1,67%), беларустар (0,76%), поляктар (0,46%), армяндар (0,40%), әзербайжандар (0,28%), чуваштар (0,18%), башқұрттар (0,17%), литвалықтар (0,14%), өзбектер (0,17%), тәжіктер (0,11%), басқа ұлт өкілдері (1,63%).
Әкімшілік бөлінісі
67 елді мекен 19 ауылдық округке біріктірілген:
Remove ads
Аудан экономикасы (1990 жылдар)
Қызылжар ауданының дәстүрлі кәсібі – астық, ет, сүт өнеркәсібі. 1992 жылға дейін 16 кеңшар мен 6 ұжымдар, сондай-ақ 2 аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігі, мемлекеттік асыл тұқымды станса, 2 ірі құс фабрикасы болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты бұл шаруашылықтардың негізінде шаруа қожалықтары, жеке сауда-коммерциялық мекемелер мен акционерлік бірлестіктер құрылды.Қазір өндеу өнеркәсібі орындарының ішінде май және нан зауыттары, тұрмыстық қызмет көрсету мен жергілікті өнеркәсіп комбинаттары, көліктік және құрылыс-жөндеу ұйымдары жұмыс істеуде. Бескөл ауылы аумағында Солтүстік Қазақстан Мал шаруашылығы және малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ тәжірибе шаруашылығы бар. Бескөл құс фабрикасы диеталық жұмыртқа мен құс етін шығарады.
Remove ads
Жол торабы
Аудан бойынша Қазақ (Петропавл – Алматы), Ресей Федерациясының Оңтүстік Орал темір жолы; Петропавл – Есім (РФ), Петропавл – Көкшетау, Петропавл – Қорған, Петропавл – Омбы (РФ) автомобиль жолдары, Уфа – Петропавл – Омбы мұнай құбыры өтеді.
Инфрақұрылымы
Ауданда 67 жалпы білім беретін мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, Новоникол «Жасөспірімдер үйі», 2 балабақша, облыстық жасөспірімдер мен балалардың велоспорт спорт мектебі, балалар мен жасөспірімдердің дене тәбиесі дайындығы мектебі, Архангел коррекциялық балалар үйі, жетім балаларға арналған Соколов арнайы мектеп-интернаты, 9 мәдениет үйі, 6 клуб, 15 кітапхана, 3 киноқондырғы қызмет көрсетеді. Ауданда орталық аурухана, ауылдық аурухана, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт, 47 фельдшерлік пункт, 14 дәріхана, 1 санэпидстанса бар. 1989 жылы Прибрежный ауылдық округінің аумағында радон суының қоры табылды, бұл қайнар көзі негізінде емдеу профилакторийі жұмыс істейді. 1991 жылы Михайловка ауылында жер асты минералды суларын шығару басталды.
Қызылжар ауданы 1967 жылдан бастап орыс тілінде «Маяк», 2003 жылдан бастап қазақ тілінде «Қызылжар» газеттері шығады.
Remove ads
Тарихи ескерткіштері
Қызылжар ауданында тарихи және археологиялық 20 ескерткіш, саяси тұтқындар жол телімі (18 ғ.) және пошталық жол (19-ғ. басы) тіркелді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads