Үлкен көз кесіртке

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Үлкен көз кесіртке (лат. Eremias multiocellata) — бауырымен жорғалаушылар класы, нағыз кесірткелер тұқымдасына жататын түр. Қазақстанда шашыранды түрде таралған, Нарынқол және Кіші Көкпек өзендері маңынан бірнешеуі ұсталды. Үлкен көз кесіртке Зайсан ойпаты мен Күнгей Алатауын мекендейді. Таулы аймақтарда (биікт. 1500 — 3000 м), жусанды-бетегелі алқаптарда, өзен бойларында, кейде құрғақ аңғарларда, сатыланып қалған шатқалдар мен қиыршық тасты жерлерде тіршілік етеді. Дене тұрқы 6,5 см, төм. мұрын қалқаны әдеттегідей жағына жақын орналаспаған. Маңдай қалқанында ұзыннан созылған науашығы болмайды. Құйрығының астыңғы бетіндегі қабыршақтары тегіс, ал құйрығының үсті аздап тері қатпарлы болып келеді. Құйрығындағы 10 сақинасының айналасында 30-дан астам қабыршағы болады. Арқа жотасы қоңыр сұр түсті, оның ортасында қара қоңыр дақтары бар. Екі бүйірінде көкшіл түсті, дөңгелек дақтар анық көрінеді. Сәуірдің басынан қарашаның аяғына дейін белсенді тіршілік етеді. Негізгі қорегі: құмырсқалар, қоңыздар, қандалалар, сондай-ақ, тікқанаттыларды, теңқанаттыларды, көбелектер мен өрмекшілерді де жейді. Олардың ас қорыту жүйесінен өсімдік қалдықтары да табылған. Жылына бір рет көбейеді. Дене ұзындығы 4,8 см-ге жеткенде, жыныстық жағынан жетіледі. Наурыз айының аяғында қысқы ұйқыдан оянған соң, екі жетіден кейін шағылысады. Шағылысқаннан кейін, аналығы 2 — 5 жұмыртқа салып, баласын тірі туады. Шілденің аяғы — тамыздың басында ересек дарабастары шыға бастайды. Жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін, бірнеше тәуліктен соң, денесінің ұзындығы (құйрығымен есептегенде) 5,9 — 6,0 см болады. Үлкен көз кесіртке — өте сирек кездесетін түр, саны аз, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Quick facts Үлкен көз кесіртке, Ғылыми топтастыруы ...
Remove ads

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер



Remove ads
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads