Үшінші Француз Республикасы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Үшінші Француз Республикасы
Remove ads

Француз Республикасы (франц. Troisième République, кейде La IIIe République) — 1870 жылы, Екінші Француз империясы құлдыраған кезден бастап, 1940 жылы Нацистік Германия басып кіріп, Виши үкіметі құрылуына дейінгі тарихи Француз елі.

Quick facts

Алғашқыда, Франк-Прусс соғысынан кейін, III Наполеон тағынан айыруына дейін Францияда саяси күйреу басталған.

Remove ads

Құрылуы

1870 жылы III Наполеон тақтан тайдырылған соң құрылды.

Тарихы

Билікке келген Республиканистер ұзамай Пруссиямен бейбіт келісімге қол қойды. Келісім бойынша Эльзас пен Лотарингия Пруссияға өтіп, бірқатар аймақтар контрибуция толық төленгенге дейін Прусс әскерлерінің оккупациясында қалуы керек еді. Осы келісім Герман империясының құрылуына жол ашты.

Үшінші Республика тұсында 1872-1914 жылдар аралығында Франция бірқалыпты дамыды, колониялар кеңейді. 1881 жылы Тунис, 1892 жылы Батыс Африкадағы жеңіс, 1895 жылы Мадагаскар, 1900 жылы Сахара оазистері, 1909 жылы Мавритания, 1911 жылы Марокко жаулап алынды, Үндіқытайдағы колониялар кеңейді, осылайша Франция 1914 жылға қарай әлемдегі Британ империясынан кейінгі ең ірі отарлық империяға айналды. 1904 жылы Франция Ұлыбританиямен антигермандық одақтық шарт жасалды, ол 1907 жылы одаққа Ресей империясы қосылған соң, Антантаға айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Франция Антанта құрамында Германияға қарсы соғысып, жеңіске жетті. Соғыстан кейін Франция Эльзас пен Лотарингияны қайтарып, өзге елдермен бірге жеңілген Германиядан контрибуция алды. Франция Ұлттар Лигасына қосылып, белсенді сыртқы саясат жүргізді. 1940 жылы оны Нацистік Германия басып алып, Виши үкіметі құрылды.

Remove ads
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads