Ұшарлар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ұшарлар (лат. Pteromyini) — кеміргіштердің бір тұқымдасы.
Еуразияның қоңыржай және тропиктік орманды жерлері мен Солтүстік Американың тайга ормандарында тіршілік ететін 10—13 туысы, 33 түрі белгілі. Қазақстанда Ертіс өзеннің жағалауын, Оңтүстік және Қалба, Алтай тауларының ормандарын мекендейтін кәдімгі ұшар (Pteromys volans) бар. Оның денесінің ұзындығы 14—21 см, ал үлпілдек құйрығының ұзындығы 14 см-дей. Терісі ақшыл қоңыр түсті, бауыры ақ болады. Қыста түгі құлпырып, жібек сияқты жұмсақ, қою қоңыр түске боялады. Ұшардың екі бүйірі (алдыңғы және артқы аяқтарының аралығы) жарғақпен көмкерілген. Мұның көмегімен ағаштан ағашқа қалқып ұшып секіреді. Қорегін іздеуге түнде шығады. Қатты аяз болғанда ұясынан шықпайды. Жалпақ жапырақты ағаш бүрін, қабығын, жапырағын, ал қылқан жапырақтылардан қарағай, балқарағай бүршігін жейді, ағаш қуысын паналайды. Жылына бір рет көбейеді. Аналығы маусым—шілде айларында 2—4 ұрпақ табады. Қысқы ұйқыға кетпейді. 13 жылдай тіршілік етеді. Республикамызда саны аз болғандықтан, ұшардың терісі дайындалмайды.
Ұшарлардың арасындағы ең ірісі — тагуан (Petaurіsta petaurіsta). Оның денесінің ұзындығы 60 см, құйрығының ұзындығы 63 см, салмағы 1,4 кг. Арқа жоны қара сұр, бауыры сұрғылт түсті. Тагуандар Шығыс Үндістанның, Мьянма мен Шри-Ланканың таулы ормандарында тіршілік етеді. Тагуан — ұшарлардың арасындағы ең алысқа секіретіні. Ол 60 м қашықтыққа дейін қалқып секіре алады.[2]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads