Омар Алмасов

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Алмасов Омар (Ғұмар) (т.ж.б.1920) — Алаш қозғалысының қайраткері.

Найман тайпасы Қаракерей руының Болатшы тармағынан шыққан.[1]

  • Мұғалімдер семинариясында оқыған.
  • 1916 ж. тамызда Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу облыстары өкілдерінің Орынборда өткен кеңесінің хатшысы болды.[2] Онда патша өкіметінің маусым жарлығына қарсы қазақ халқының көтерілісі жөніндегі Алаш қозғалысы басшыларының (Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов) пікірін қолдады.
  • 1917 ж. 2-8 сәуірде Торғай облысы қазақтарының съезін ұйымдастырушылардың бірі әрі хатшысы (Орынбор).
  • 2-Бүкілқазақ съезінде (Орынбор, 5-13.12.1917). Алмасов Қазақ автономиясын Қазақстандағы өзге ұлттар өкілдерінің көзқарасын анықтаған соң және халық милициясын құрғаннан кейін жариялауды жақтаған көпшіліктің қатарында дауыс берді. Съезде ол Халық Кеңесінің мүшелігіне кандидат етіп сайланды.
  • Алмасов Торғай өңірінде Кеңес өкіметіне қарулы қарсылықты ұйымдастыруға белсене қатысты.
  • Алашорданың Торғай облысы әскери сотының бастығы болды.
  • Алашорда атынан А.Байтұрсыновпен бірге Кеңес үкіметімен келіссөз жүргізді (1918 ж., наурыз).
  • Аққұмда (Торғай) өзін тұтқындауға келген қызыл әскерлермен атыста оққа ұшты.[3]
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads