Өсімдіктер морфологиясы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Өсімдіктер морфорлогиясы ( гр. morpheпішін, бейне және гр. logosілім) – өсімдіктердің жекеше даму барысындағы ішкі құрылысы мен пішінін зерттейтін ғылым; ботаника саласы.

Ботаника бөлімі

Өсімдіктер морфологиясы


Зерттеу нысандары

Өсімдіктер · Балдыр
Саңырауқұлақтар т.с.с.

Ботаника бөлімдері

Альгология · Өсімдіктер анатомиясы · Бриология · Геоботаника · Өсімдіктер географиясы · Дендрология · Диаспорология · Карпология · Лихенология · Микогеография · Микология · Өсімдіктер морфологиясы · Палеоботаника · Палинология · Өсімдіктер систематикасы · Өсімдіктер физиологиясы · Фитопатология · Флористика · Өсімдіктер экологиясы · Этноботаника · Өсімдіктер биотехнологиясы · Өсімдіктер биохимиясы · Өсімдіктер генетикасы

Атақты ботаниктар

Теофраст
Жозеф Питтон де Турнефор
Карл Линней
Адольф Генрих Густав Энглер
Армен Леонович Тахтаджян

Тарих

Ботаника тарихы

Қазақстанда Өсімдіктер морфорлогиясы саласындағы зерттеулер жоғары және төмен сатыдағы өсімдіктер флорасын зерттеуге, республикада өсетін өсімдіктер картасын жасауға байланысты 20 ғ-дың 50 жылдарында басталды. Зерттеу жұмыстарымен ҚР Білім және ғылым министлігінің Ботаника және фитоинтродукция институты, Бас ботаник. бақ, ҚазҰУ, кейбір ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындары шұғылданады. Өсімдіктер морфорлогиясының негізгі зерттеу тәсілі – бақылау мен бейнелеу, сонымен қатар өсімдіктердің осы күнгі және ежелгі түрлерін салыстыру.

Сыртқы ортаның өсімдік құрылысына тигізер әсерін тәжірибе арқылы анықтайды.

Тарихи тұрғыдан өсімдіктер морфологиясы сипаттамалық морфология ретінде дами бастады, өсімдіктер әлемінің түрлерінің әртүрлілігін сипаттаумен айналысады[1]. Ботаника толыққанды ғылым ретінде сипаттамалық морфология бойынша Карл Линней (1707-1778) еңбектерінің арқасында ғана дами бастады[2].

Өсімдіктер морфорлогиясының негізінде ботаника ғылымының жеке салалары бөлінді:

  • органография — өсімдіктер морфологиясының негізгі бөлімі; өсімдік мүшелерінің сыртқы құрылымын сипаттаумен және салыстырмалы талдаумен айналысады;
  • өсімдіктер анатомиясыжасуша мен ұлпалар деңгейінде өсімдіктердің құрылымын зерттеу;
  • өсімдіктер эмбриологиясы — өсімдік ұрығының пайда болу, құрылу және даму заңдылықтарын зерттеу;
  • өсімдіктер цитологиясы - өсімдік жасушасын зерттеу;
  • өсімдік гистологиясы — өсімдік тіндерін зерттеу;
  • биоморфология, немесе экологиялық морфология — өсімдіктердің жеке даму процестері, соның ішінде олардың мүшелерінің қалыптасу заңдылықтары мен қоршаған орта факторлары арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді зерттеу. Өсімдіктер морфологиясының бұл бөлімі әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында белсенді дами бастады[3].

Өсімдіктер морфорлогиясы зерттейтін нысанына қарай:

Remove ads

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads