Өтімділік

From Wikipedia, the free encyclopedia

Өтімділік
Remove ads

Өтімділік (Өтемпаздық)пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудыңқолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік). Өтімділік кәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипатамасы болып табылады. Оның көрсеткіштерінің бірі – ақшалай қаражат пен тез өткізілетін активтердің міндеттемелер сомасына қатынасы. Өтімділік қозғалысы дегеніміз қолма-қол ақшаның ағылып келуі мен оның төлемдері‚ кез келген уақытта қолда болатын ақшалай қаражаттың мөлшері. Кәсіпорынның нарықтағы‚ сыртқы экон. және басқа қызметтегі шешуші жағдайы қолма-қол ақшаның қозғалысы көрсеткішімен айқындалады. Активтердің өткізілу дәрежесіне қарай оларды мынадай топтарға бөлуге болады:

  1. Өтімділігі жоғары топтар – ақша‚ алтын‚ ағымдағы шотта тұрған қаражат‚ қысқа мерзімді мемл. бағалы қағаздар‚ вексельдер‚ тез сатуға болатын мүлік‚ т.б.;
  2. Өтімділікгі орташа топтар – меншікті бағалы қағаздар‚ жөнелтілген тауарлар‚ көрсетілген қызметтер‚ орындалған жұмыстар бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек;
  3. Өтімділікгі төмен топтар – тауар-материалдық құндылықтар‚ негізгі құрал-жабдық.
    Түрлі мақсаттар үшін фирмалар балансының өтемпаздығын талдап‚ бағалау кезінде аудиторлар әдетте мынадай көрсеткіштерді қолданады:
  • Меншікті айналым капиталы – айналым капиталы мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы айырма;
  • Өтімділік коэффициенті – өтімділікгі жоғары активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы ара салмақ;
  • Өтеу коэффициенті – айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы ара салмақ.[1][2]
Thumb
ҚР 2000 тенгелік купюрасы
Remove ads

Өтімді қаражат

Қарыз міндеттемелерін жабу үшін пайдаланылатын ақша қаражаттары мен басқа активтер. Өтімді қаражатқа: қолма-қол ақша қаражаты, шоттағы және банктегі ресурстар, құнды қағаздар мен айналым қорындағы жеңіл өткізілетін элементтер кіреді.[3]

Сілтемелер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads