1993 жыл
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
1993 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның бесінші күні, яғни жұмада басталады. Кібісе жыл емес.
Грегориан күнтізбесі | 1993 MCMXCIII |
Юлиан күнтізбесі | 1992 — 1993 (14 қаңтардан бастап) |
Рим қаласының құрылуынан бастап | 2745 — 2746 (4 мамырдан бастап) |
Византия күнтізбесі | 7501 — 7502 (14 қыркүйектен бастап) |
Еврей күнтізбесі |
5753 — 5754 ה'תשנ"ג — ה'תשנ"ד |
Ислам күнтізбесі | 1413 — 1414 |
Армения күнтізбесі | 1442 ԹՎ ՌՆԽԲ
|
Қытай күнтізбесі | 4689 — 4690 壬申 — 癸酉 қара маймыл — қара қораз |
Ефиопия күнтізбесі | 1985 — 1986 |
Инду күнтізбесі | |
- Викрам самват | 2049 — 2050 |
- Шака самват | 1915 — 1916 |
- Кали-юга | 5094 — 5095 |
Иран күнтізбесі | 1371 — 1372 |
Бұл біздің заманымыздың 1993 жылы, II мыңжылдықтың 993-жылы, XX ғасырдың 93-жылы, 20 ғасырдың 10-онжылдығының 3-жылы, 1990 жылдардың 4-жылы болып табылады.
Remove ads
Оқиғалар
- 1 қаңтар - Чехословакия - Чехия мен Словакияға бейбіт түрде бөлінді.
- 28 қаңтар - Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
- 10 наурыз - Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес 1993-1995 жылдарға арналған мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы жарияланды.
- 6 сәуір - Алматыда Шеврон корпорациясының басқарушы директоры Кеннет Деррдің қатысуымен "Теңізшевройл" БК құру туралы келісімге қол қойылды. Сол күні Президент "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорнының қызметі туралы жарлыққа қол қойды. Мәміле "ғасыр келісімшарты" деп аталды.
- 18 сәуір - Алматыда дүниежүзілік экономикалық форум өтті, оған әлемнің 30 елінен 100-ден астам ірі халықаралық және ұлттық компаниялардың, фирмалар мен банктердің басшылары жиналды.
Remove ads
- 4 маусым - Әзірбайжандағы әскери путч.
- 15 маусым - Кубадан соңғы Ресей әскерлері кетті.
- 22 тамыз - Қазақ КСР Компартиясының Орталық комитетін 25 жылға жуық басқарған және 1986 жылы қызметінен кеткен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өмірден озды.
- 2 қыркүйек - Өзбекстанда 2000 жылға дейін кириллицаны латын әліпбиіне ауыстыру туралы жарияланды.
- 21 қыркүйек - 3 қазан - Ресейдегі Конституциялық дағдарыс.
- 5 қараша - Болашақ стипендиясы құрылды.
- 15 қараша - Қазақстан рубльдік аймақтан кетті, теңге ресми валютаға айналады. Жаңа ақша айналымға 1 теңге - 500 кеңес рубль қатынасында енгізілді.

- желтоқсан - Доллар бағамы 5 теңге 25 тиын құрады.
Туғандар
Тағы қараңыз: Санат:1993 жылы туғандар
- 30, тамыз — Ержан Аленов, әнші
Қайтыс болғандар
Тағы қараңыз: Санат:1993 жылы қайтыс болғандар
Тағы қараңыз
Түсініктемелер
![]() |
Бұл — жыл туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads