Telegram

From Wikipedia, the free encyclopedia

Telegram
Remove ads

Telegram — смартфондар мен басқа да құрылғылар үшін, мәтіндік хабарламалар мен түрлі форматтағы медиафайлдармен алмасуға мүмкіндік беретін тегін кроссплатформды мессенджер. Қызмет халықаралық нарыққа бағдарланған, көптілді интерфейсі бар.

Quick facts Автор, Жасаушы ...

Статистика бойынша 2015 жылдың мамырында Telegram қызметінің белсенді қолданушылардың саны 62 миллионға, ал күнделікті жіберілетін хабарламалар саны 10 миллиардқа жуық болды. Көптеген елдерде әйгілі Facebook messenger қосымшасын озған, ал Apple App Store-да 48 елде тегін қосымшалардың арасында ең жүктелетін қосымша болып есептелді (ақпан 2014). Павел Дуровтың мәлімдеуінше, Telegram-ның жылдық өсімі 2017 жылдың сәуір айдағы дерегіне сәйкес 50%-дан асқан.[6]

Remove ads

Тарихы

Жоба "Вконтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаған Павел Дуровтың көмегімен жасалды. The New York Times журналында берген сұхбатында оның есігінің алдына қаруланған адамдар келгенде, дәлірек айтқанда 2011 жылы қосымшаны құрудың алғашқы идеясы келді. Соңғылары кетуімен, Дуров бірден өз ағасы Николайға хат жазды. Сол кезде ол ағасымен байланысудың қауіпсіз жолы жоқ екенін түсінді. Сервис ағасы Николаймен әзірленген MTProto хатын шифрлеу технологиялар негізінде құрастырылды. "Телеграмның" өзі алғашында MTProto-ны үлкен жүктемелерде тексеру мақсатында Павел тиесілі Digital Fortress компаниясының сынағы болатын. 2013 жылы 14 тамызда IOS платформасында бірінші клиенті пайда болды.

Remove ads

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads