1582 жылдың 15 қазанында Рим папасы Григорий XIII қолданысқа енгізген күнтізбе From Wikipedia, the free encyclopedia
Григориан күнтізбесі — әлемнің көп бөлігінде қолданылатын күнтізбе. Католик елдерiнде 1582 жылдың 4 қазанында әке Григорий XIII ескi юлиан күнтізбесінің орнына енгiзiлдi. Тропиктік жылға (365,2422 тәулік) келістіру мақсатында Григориан күнтізбелі жылдың ұзақтығын 365,2425 тәулікке теңістіріп, кібісе жылдарды қайта бөлген.
Алдыңда қолданыста жүрген Юлиан күнтізбесіндегідей, Григориан күнтiзбесі — күн күнтізбесі, яғни оның ұзақтығы Жердің күн орбитасынан айналғанына сәйкестендірілген. Григориан жылында 12 ай, әрқайсысы 28-31 күн аралығындағы ұзақтықпен жiктеледi:
Күнтізбе циклі әр 400 жыл немесе 146.097 күн қайталанады. 400 жылдың 303-і — кәдімгі және 97-і — кібісе жыл. Күнтізбелі жылдың орташа ұзақтығы — 36597⁄400 күн немесе 365 тәулік, 5 сағат, 49 минут және 12 секунд. Григориан күнтізбесі бойынша, әр 400-жыл және 4-ке бөлінетін, бірақ 100-ге бөлінбейтін жыл — кібісе жыл болып саналады.
Юлиан және григориан күнтiзбелерiнiң күндерінің айырмашылығы:
Күндер айырмашылығы | Кезең (юлиан күнтізбесі бой-ша) | Кезең (григориан күнтізбесі бой-ша) |
---|---|---|
10 | 5 қазан 1582 — 29 ақпан 1700 | 15 қазан 1582 — 11 наурыз 1700 |
11 | 1 наурыз 1700 — 29 ақпан 1800 | 12 наурыз 1700 — 12 наурыз 1800 |
12 | 1 наурыз 1800 — 29 ақпан 1900 | 13 наурыз 1800 — 13 наурыз 1900 |
13 | 1 наурыз 1900 — 29 ақпан 2100 | 14 наурыз 1900 — 14 наурыз 2100 |
14 | 1 наурыз 2100 — 29 ақпан 2200 | 15 наурыз 2100 — 15 наурыз 2200 |
15 | 1 наурыз 2200 — 29 ақпан 2300 | 16 наурыз 2200 — 16 наурыз 2300 |
Юлиан күнтізбесінің соңғы күні | Григориан күнтізбесінің бірінші күні | Мемлекттер/аумақтар |
---|---|---|
4 қазан 1582 | 15 қазан 1582 | Испания, Италия, Португалия, Речь Посполита (Литвалық және Польшаның ұлы княздықтың құрамындағы федерациялық мемлекетi) |
9 желтоқсан 1582 | 20 желтоқсан 1582 | Франция, Лотарингия |
21 желтоқсан 1582 | 1 қаңтар 1583 | Голландия, Брабант, Фландрия |
10 ақпан 1583 | 21 ақпан 1583 | Льеж епископтығы |
13 ақпан 1583 | 24 ақпан 1583 | Аугсбург |
4 қазан 1583 | 15 қазан 1583 | Трир |
5 желтоқсан 1583 | 16 желтоқсан 1583 | Бавария, Зальцбург, Регенсбург |
1583 | Австрия (бөлігі), Тироль | |
6 қаңтар 1584 | 17 қаңтар 1584 | Австрия Республикасы |
11 қаңтар 1584 | 22 қаңтар 1584 | Швейцария (Люцерн, Ури, Швиц, Цуг, Фрайбург, Золотурн кантондары) |
12 қаңтар 1584 | 23 қаңтар 1584 | Силезия |
1584 | Вестфалия, Америкадағы Испан колониялары | |
21 қазан 1587 | 1 қараша 1587 | Венгрия |
14 желтоқсан 1590 | 25 желтоқсан 1590 | Трансильвания |
22 тамыз 1610 | 2 қыркүйек 1610 | Пруссия |
28 ақпан 1655 | 11 наурыз 1655 | Швейцария ( Вале кантоны) |
18 ақпан 1700 | 1 наурыз 1700 | Дания ( Норвегияны қоса), протестанттық неміс мемлекеттері |
16 қараша 1700 | 28 қараша 1700 | Исландия |
31 желтоқсан 1700 | 12 қаңтар 1701 | Швейцария (Цюрих, Берн, Базель, Женева) |
2 қыркүйек 1752 | 14 қыркүйек 1752 | Ұлыбритания және колониялар |
17 ақпан 1753 | 1 наурыз 1753 | Швеция (Финляндияны қоса) |
5 қазан 1867 | 18 қазан 1867 | Аляска |
1 қаңтар 1873 | Жапония | |
20 қараша 1911 | Қытай | |
желтоқсан 1912 | Албания | |
31 наурыз 1916 | 14 наурыз 1916 | Болгария |
31 қаңтар 1918 | 14 ақпан 1918 | Ресей Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстония |
1 ақпан 1918 | 15 ақпан 1918 | Латвия, Литва |
17 сәуір 1918 | 1 мамыр 1918 | Грузия, Әзірбайжан және Армения |
18 қаңтар 1919 | 1 ақпан 1919 | Румыния, Югославия Одақтық Республикасы |
9 наурыз 1924 | 23 наурыз 1924 | Грекия |
18 желтоқсан 1925 | 1 қаңтар 1926 | Түркия |
17 қыркүек 1928 | 1 қазан 1928 | Мысыр |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.