Литота
From Wikipedia, the free encyclopedia
Литота (гр. λιτότης - қарапайым, қораш), немесе кішірейту — заттың не құбылыстың қасиетін кішірейте суреттейтін көркемдік құрал. Батырлар жырларында, өтірік өлеңдерде литота жиі қолданылған. Мысалы, "От орнындай тұяқтан, оймақтайы қалыпты" ("Ер Тарғын"). Литотаның мақсаты - тосын әсер туғызу. Мысалы, "Қайныма қарға мініп ұрын бардым" (өтірік өлең). Қазіргі қазақ әдебиетінде литота өтірік өлең айтысында қолданылып жүр.[1]
Мысалы:
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты.
Жалбыраған жалынан
Жалғыз қарыс қалыпты.
Күлтеленген құйрықтан
Бір тұтамы қалыпты.
(«Тарғын» жырынан)