Семей
From Wikipedia, the free encyclopedia
Семей — 2022 жылдың 8 маусым айынан бастап ресми түрде Абай облысының әкімшілік орталығы.[3] Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы километр. 1782 жылдан бастап 1997 жылға дейін Семей (Семипалатинск) облысының орталығы болған.
Қала | |||
Семей | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел |
ҚазақстанҚазақстан | ||
Статусы |
Облыс орталығы | ||
Облысы | |||
Әкімі |
Нұрбол Нұрсағатов | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
50°24′40″ с. е. 80°13′39″ ш. б.50.41111° с. е. 80.22750° ш. б. / 50.41111; 80.22750 (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1718 | ||
Бұрынғы атаулары |
Доржикент қалашығы, Семпалат (Семипалатинск) бекінісі, Алаш-қала | ||
Қала статусы |
1782 | ||
Жер аумағы |
210 км² | ||
Климаты |
қатаң-континенталды | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
328 762[1] адам (2023) | ||
Тығыздығы |
1566 адам/км² | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (73,37%), орыстар (20,63%), татарлар (2,72%), немістер (1,14%), украиндар (0,64%), беларустар (0,17%), басқа ұлт өкілдері (1,33%)[2] | ||
Этнохороним |
семейлік | ||
Ресми тілі | |||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 7222 | ||
Пошта индекстері |
F1***** | ||
Автомобиль коды |
F мен U (2013 жылға дейін), 16 (2013 жылдан соң) | ||
Семей қаласының әкімдігі | |||
Ортаққордағы санаты: Семей |
Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер-құрлығының Географиялық орталығы анықталған.
Қазақстанда қала мәдени астанасы болып саналады, өйткені оның көптеген тұрғындары қазақ мәдениеті мен шығармашылығының негізін салушылар болып табылады. Семей «Қазақстанның тарихи орталығы» деген ерекше мәртебеге ие.
Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.
Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -45 – қа, жазда +45 –қа дейін жетеді.
Қала халқы 323 721 адам (2019ж.[4]). Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.