Ферғана
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ферғана (өзб. Farg‘ona, Фарғона) — Өзбекстанның шығысында, Ферғана аңғарының оңтүстік бөлігінде орналасқан қала.
Қала | |
Ферғана | |
өзб. Farg‘ona, Фарғона | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
ӨзбекстанӨзбекстан |
Статусы |
облыс орталығы |
Уәлаят | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
40°23′11″ с. е. 71°47′11″ ш. б.40.38639° с. е. 71.78639° ш. б. / 40.38639; 71.78639 (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1876 |
Бұрынғы атаулары |
Жаңа Маргилан (1876—1907) |
Қала статусы |
1876 |
Жер аумағы |
95,6 км² |
Орталығының биiктігі |
580 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
380 800 адам (2018) |
Тығыздығы |
2937 адам/км² |
Ұлттық құрамы | |
Конфессиялар |
мұсылмандар, православтар, протестанттар, католиктер, яһудилер |
Ресми тілі | |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+998 73 |
Пошта индекстері |
712000—712200, 150100 |
Автомобиль коды |
15 (1998—2008), |
Ортаққордағы санаты: Ферғана |
Ферғана шежіресін үш тарихи кезеңге бөлуге болады: революцияға дейінгі, кеңестік және қазіргі (тәуелсіздік дәуірі). Қаланың негізін салудың бастамашысы — орыс генералы, "Түркістанды бағындырушы" Михаил Дмитриевич Скобелев. Қала 1876 жылы құрылды; 1887 жылы 18 маусым оның жобасы бекітілді. Негізін қалаушы, алғашқы құрылысшысы — екінші әскери губернатор Александр Константинович Абрамов.
Жаңа қала атын таңдаумен Түркістан генерал-губернаторлығы канцеляриясы айналысты. Сол кездің өзінде «Ферғана» не «Ферғанск» деп атау жөнінде әрекеттер болған. Алайда екі жаққа да көнімді шешімге келіп, Жаңа Маргелан деп аталды.
1907 жылдың желтоқсанында М. Д. Скобелев өлімінің 25 жылдығына орай қала оның құрметіне Скобелев деген жаңа атауға ие болды. Ферғана облысының алғашқы губернаторы есімімен қала 1924 жылға дейін аталып келді, кейін Ферғана атауына ие болды.