Апта
From Wikipedia, the free encyclopedia
Апта – 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Ол алғаш рет Шығыста пайдаланылған. Б.з.б. 1 ғасырда Римде қолданылды, кейінірек бүкіл Еуропаға таралды. Аптаны пайдалану Сатурн, Күн, Ай, Марс, Юпитер, Шолпан, Меркурий сияқты 7 аспан денесінің сол кезде белгілі болуына байланысты пайда болды. Сонымен қатар кейбір елдерде 5 тәуліктік және 10 тәуліктік апталарда пайдаланылады.