Уақыт
From Wikipedia, the free encyclopedia
Уақыт (ағылш. time) — дүние-өмірдегі түрлі оқиғалар болмысының жалғасымды тізбегін, ілгері-кейін ретін білдіретін қайтымсыз сабақтастық болып, ол өткеннен келеді, қазірді басып өтеді, болашаққа бағытталады.[1][2][3] Түрлі өлшемдердің құрамдас мөлшері ретінде уақыт оқиғалардың ретін, ұзақтығын, және олар арасындағы интервалдарды сипаттауға қолданылады, әсіресе материалдық қозғалыс-өзгерістер мен саналы тәжірибенің сандық өзгеріс шамасын өлшеуде уақыт ұғымының маңызы ерекше.[4][5][6][7]
Бірлік | Өлшемі | Дерек |
---|---|---|
наносекунд | 0,000000001 секунд | |
микросекунд | 0,000001 секунд | |
миллисекунд | 0,001 секунд | |
секунд | SI іргелі бірлігі | |
минут | 60 секунд | |
сағат | 60 минут | |
күн | 24 сағат | |
апта | 7 күн | |
ай | 28—31күн | |
тоқсан | 3 ай | |
жыл | 12 ай | |
жалпы жыл | 365 күн | 52 апта + 1 күн |
кібісе жыл | 366 күн | 52 апта + 2 күн |
тропиктік жыл | 365,24219 күн | орта есеппен |
Грегориус жылы | 365,2425 күн | орта есеппен |
олимпиада | 4 жылдық оралым | |
бесжылдық (lustrum) | 5 жыл | |
онжылдық | 10 жыл | |
мүшел | 12 жыл | |
индиктион (Indiction) | 15 жылдық салық оралымы | |
жиырмажылдық (score) | 20 жыл | |
ұлы мүшел | 60 жыл | |
ғасыр | 100 жыл | |
мыңжылдық | 1000 жыл |
Уақыт ұзындық, кеңдік және биіктік сынды үш өлшемді кеңістік пен қатар төртінші өлшем деп аталады.[8]
Физика мен басқа ғылымдарда уақыт іргелі өлшем болып табылады, яғни ол басқа өлшемдер арқылы өрнектелмейді, себебі басқалары — жылдамдық, күш, қуат сияқты өздері іргелі өлшемдермен өрнектеледі (атап айтқанда бұл жағдайда — уақыт, әрі кеңістік деп аталатын келесі іргелі өлшемдермен). Ғылымда керектігі, әрі мүмкіндігі — өлшем үшін пайдаланатын және таңдалынып алынған өлшем бірлігі бар уақыт — операциялық анықтамасы қолданылады. Философтар арасында екі түрлі уақытқа деген көзқарас бар. Біріншісіне сәйкес уақыт — ғалам құрылымының іргелі бөлігі, оқиғалардың қатар-қатар жүруінің өлшемі. Бұл сэр Исаак Ньютон жататын реалистік көзқарас, сондықтан бұны Ньютондық уақыт деп те атайды. Бұған қарсы көзқарасқа сәйкес уақыт — адамзат соның көмегімен оқиғаларды реттеп, салыстыратын, интеллектуалды құрылымның (кеңістіктік пен сандармен қатар) іргелі мүшесі. Готфрид Лейбниц пен Иммануил Кант дәстүрі болатын осы екінші көзқарасқа сәйкес уақыт «арқылы өтетін» «ағатын» затқа жатпайды, немесе оқиғаларға ыдыс бола алмайды, және өзі өлшене алмайды.
Технологтар мен ғалымдар мезгілдік уақыт өлшеумен айналысқан, және астрономияның негізгі зерттеу нысаны болған. Периодты оқиғалар мен периодты қозғалыстар уақыт өлшем бірлік стандарты ретінде ұзақ уақыт пайдалылып келеді. Мысалы, күннің аспан бойымен қозғалысы, маятник тербелісі, айдың фазалары және жүрек дүрсілі. Уақыттың әлеуметік маңызы да зор (“уақыт – ақша”), ол адамның күнделікті уақыттың шектеулілігін сезінуі мен адам өмірінің шектеулілілігі.
«Қашан: мінсіз уақыттың ғылыми құпиялары» (When: The Scientific Secrets of Perfect Timing) кітабының авторы Дэниел Пинкпен былай дейді: "Уақыт туралы ғылымның ең маңызды түсініктерінің бірі - біздің когнитивті қабілеттеріміз күн бойы тұрақты түрде бірдей болмайды. Олар өзгереді - болжаулы түрде және кейде тіпті тосын түрде. Сондықтан дұрыс жұмысты өз уақытында жасаудың маңызы зор. Біздің көпшілігімізде әрбір күні қырағылық, терең зейін қою және алаңдататын нәрселерден арылу қабілетіміз жоғары болатын кезең болады ».