Блез Паскаль
From Wikipedia, the free encyclopedia
Блез Паскаль (фр. Blaise Pascal, [blεz pas'kal]; 19 маусым, 1623 жыл, Клермон-Ферран, Франция — 19 тамыз, 1662 жыл, Париж, Франция) — 17-ші ғасырда өмір сүрген француз математигі, механигі, физигі, пәлсапашысы, дінтанушысы және әдебиетшісі[1]. Француз әдебиетінің классигі. Математикалық анализдың, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының авторы.