Франция
From Wikipedia, the free encyclopedia
Франция (фр. France, [fʁɑ̃s] тыңдау), ресми атауы Француз Республикасы (фр. République française, [ʁe.py.blik fʁɑ̃.sɛz] тыңдау) — Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Халық саны 67 млн адам. Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі.
Француз Республикасы фр. République française | |||||
| |||||
Ұран: «Liberté, Égalité, Fraternité (Азаттық, Теңдік, Бауырластық)» | |||||
Әнұран: «Марсельеза» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | 486 жыл (Франк мемлекеті) тамыз 843 жыл (Верден келісім) 22 қыркүйек 1792 жыл (Бірінші Француз республикасы, жарияланды) 4 қазан 1958 жыл (Бірінші Француз республикасы) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | француз тілі | ||||
Елорда | Париж | ||||
Ірі қалалары | Париж, Марсель, Лион, Тулуза, Ницца, Нант, Страсбург, Монпелье, Бордо, Лилль | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы аралас республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Эммануэль Макрон Габриэль Атталь | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 42-ші орын 640 679[1] км² 0,26 % | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Тығыздығы |
▲ 67 970 000[2] адам (21-ші) 104 адам/км² (106-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▲ 3,061 трлн.[3] $ (10-шы) ▲ 47,223[3] $ (26-шы) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▼ 2,707 трлн.[3] $ (7-ші) ▼ 41,761[3] $ (22-ші) | ||||
АДИ (2018) | ▲ 0,891[4] (өте жоғары) (26-шы) | ||||
Этнохороним | француз, француздар | ||||
Валютасы | Еуро | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .fr[5] | ||||
ISO коды | FR | ||||
ХОК коды | FRA | ||||
Телефон коды | +33 | ||||
Уақыт белдеулері | +1, +2 |
Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді.Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр. Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды. Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады. 1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді. Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді. Елдегі заң шығарушы орган — екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент.