Геоботаника
From Wikipedia, the free encyclopedia
Геоботаника , фитоценология (гр. ge — жер және ботаника) — жердің өсімдік жамылғысы, оның құрылымы, өсімдіктер бірлестігінің (фитоценоздардың) таралу заңдылығын, құрылысын, дамуын, олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым; ботаниканың бір тарауы; жер бетінде өсімдіктердің және өсімдіктер кауымдастығының таралуын және таралу зандарын зерттейтін биогеографиянын бір саласы.[1][2]
Ботаника бөлімі
Геоботаника
|
Зерттеу нысандары |
Өсімдіктер · Балдыр |
Ботаника бөлімдері |
Альгология · Өсімдіктер анатомиясы · Бриология · Геоботаника · Өсімдіктер географиясы · Дендрология · Диаспорология · Карпология · Лихенология · Микогеография · Микология · Өсімдіктер морфологиясы · Палеоботаника · Палинология · Өсімдіктер систематикасы · Өсімдіктер физиологиясы · Фитопатология · Флористика · Өсімдіктер экологиясы · Этноботаника · Өсімдіктер биотехнологиясы · Өсімдіктер биохимиясы · Өсімдіктер генетикасы… |
Атақты ботаниктар |
Теофраст |
Тарих |
Ботаника тарихы |
Геоботаника терминін 1886 жылы орыс ботанигі Ф.И.Рупрехт пен неміс ғалымы А.Гризебах ұсынған.
- Геоботаниканың қалыптасқан бірнеше ғылыми мектептері бар: француз-швейцарлық (Браун — Бланке), скандинавиялық (Е. Дюрие), ағылшын-американдық (Ф.Е. Клементс, И.Г. Генслей), ресейлік (В.Н.Сукачев, В.В.Алехин).
- Геоботаниканың нысанына фитоценоз бен оны түзетін өсімдік жамылғысы жатады. Жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында калыптасты. Геоботаника физикалық географиямен, гидрологиямен, геоморфологиямен, климатологиямен, топырақтанумен және тағы да басқалары ғылымдармен тығыз байланысты.
- "Геоботаника" терминін алғаш рет неміс ғалымы А.Гризебах ұсынды (1866).