Микология
From Wikipedia, the free encyclopedia
Микология (грек. mykes – саңырауқұлақ және логия) – саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым. Микологияның негізгі мақсаты саңырауқұлақтың морфологиясын, түрлік құрамын, жүйелік топтарын, биологиясын, экологиясын, физиологиясын, филогениясын, т.б. сондай-ақ табиғатта таралуы мен адам тіршілігіндегі маңызын зерттеу.
Ботаника бөлімі
Микология
|
Зерттеу нысандары |
Өсімдіктер · Балдыр |
Ботаника бөлімдері |
Альгология · Өсімдіктер анатомиясы · Бриология · Геоботаника · Өсімдіктер географиясы · Дендрология · Диаспорология · Карпология · Лихенология · Микогеография · Микология · Өсімдіктер морфологиясы · Палеоботаника · Палинология · Өсімдіктер систематикасы · Өсімдіктер физиологиясы · Фитопатология · Флористика · Өсімдіктер экологиясы · Этноботаника · Өсімдіктер биотехнологиясы · Өсімдіктер биохимиясы · Өсімдіктер генетикасы… |
Атақты ботаниктар |
Теофраст |
Тарих |
Ботаника тарихы |
Саңырауқұлақ (шампиньон, трюфель, бүріспе) туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 4 ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Теофрастың еңбектерінде кездеседі. Б.з. 1 ғасырында итальяндық ғалым Плиний саңырауқұлақтардың дамуына сипаттама беріп, бірінші рет олардың жіктелімін жасамақшы болды. 1578 жылы голландық ғалым К.Клаузиус саңырауқұлақтардың 221 түріне арналған түрлі-түсті атлас жасады.