Мырыш
Атомдық нөмірі 30 химиялық элемент / From Wikipedia, the free encyclopedia
Мырыш (лат. Zincum; Zn) — элементтердің периодты жүйесінің II-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 30, атом массасы 65,39.[1] Мырыш ерте заманда жез түрінде белгілі болған, таза түрі 16 ғасырда алынған. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлш. 8,3×10-3%. Ол полиметалды сульфид кендерінің құрамында кездеседі.
| |||||||||||||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
сынғыш металл көкшіл-ақ түсті
| |||||||||||||||
Атом қасиеті | |||||||||||||||
Атауы, символ, нөмірі |
Мырыш, 30 | ||||||||||||||
Топ типі | |||||||||||||||
Топ, период, блок |
12, 4, d | ||||||||||||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||||||||||||
Электрондық конфигурация |
[Ar] 3d10 4s2 | ||||||||||||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
2, 8, 18, 2 | ||||||||||||||
Атом радиусы |
138 пм | ||||||||||||||
Химиялық қасиеттері | |||||||||||||||
Ковалентті радиус |
122±4 пм | ||||||||||||||
Ван-дер-Ваальс радиусы |
139 пм | ||||||||||||||
Ион радиусы |
(+2e) 74 пм | ||||||||||||||
Электртерістілігі |
1,65 (Полинг шкаласы) | ||||||||||||||
Электродты потенциал |
-0,76 В | ||||||||||||||
Тотығу дәрежелері |
0; +2 | ||||||||||||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 906.4 кДж/моль (эВ)
| ||||||||||||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||||||||||||
Термодинамикалық фаза | |||||||||||||||
Тығыздық (қ.ж.) |
7,133 г/см³ | ||||||||||||||
Балқу температурасы |
419,6 °C | ||||||||||||||
Қайнау температурасы |
906,2 °C | ||||||||||||||
Балқу жылуы |
7,28 кДж/моль | ||||||||||||||
Булану жылуы |
114,8 кДж/моль | ||||||||||||||
Молярлық жылусыйымдылық |
25,4 Дж/(K·моль) | ||||||||||||||
Молярлық көлем | |||||||||||||||
| |||||||||||||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||||||||||||
Тор құрылымы |
алтыбұрышты | ||||||||||||||
Тор параметрлері |
a=2,6648 c=4,9468 Å | ||||||||||||||
c/a қатынас |
1,856 | ||||||||||||||
Дебай температурасы |
234 K | ||||||||||||||
Басқа да қасиеттері | |||||||||||||||
Жылуөткізгіштік |
(300 K) 116 Вт/(м·К) | ||||||||||||||
Юнг модульі |
108 ГПа | ||||||||||||||
Жылжу модульі |
43 ГПа | ||||||||||||||
Пуассон коэффициенті |
0.25 | ||||||||||||||
Моос қаттылығы |
2.5 | ||||||||||||||
Бринеллий қаттылығы |
327–412 МПа | ||||||||||||||
CAS нөмірі |
7440-66-6 |
Негізгі минералдары: сфалерит (мырыш алдамышы) және вюрцит, смитсонит, каламин, цинкит. Мырыш гексагональды тығыз қапталған торы бар күміс түсті ақ металл, тығызд. 7,133 г/см3, балқу t 419,5 °С, қайнау t 906 °С. Тотығу дәрежесі +2. Ылғал ауада және суда 200°С-қа дейін тұрақты, тотығуға гидроксикарбонатты беттік пленкасы кедергі жасайды; қышқылдар және сілтілермен, аммиак және аммоний тұздарымен, ылғал күйіндегі Cl2, Br2-мен, қыздырғанда О2-мен әрекеттеседі.
Құрамында М. бар концентраттарды күйдіріп, әрі қарай алынған күйдіргіні Н2SO4-пен сілтісіздендіру және ZnSO4 ерітіндісінен Мырышты электрлік тұндыру арқылы алынады. Мырыш жез, нейзильбер, томпак, тағы басқа қорытпалардың құраушысы; болат және шойынды мырыштау үшін (бұл кезде коррозияға қарсы қаптама түзіледі), ұшақтар мен автомобильдердің майда бөлшектерін, химиялық ток көздерінің электродтарын жасауда, күміс пен алтынды қорғасыннан бөлуде қолданылады.