Мыс
Атомдық нөмірі 29 химиялық элемент / From Wikipedia, the free encyclopedia
Мыс (лат. Cuprum; Cu) — элементтердің периодтық жүйесінің І-тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 29, атомдық массасы 63,546. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 63Cu және 65Cu. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 4,7.10–3%. Негізгі минералдары: халькопирит, халькозин, ковеллин, малахит, азурит. Пластикалық қызыл түсті металл, кристалл торы қырлары центрленген кубтық, тығыздығы 8,94 г/см3, балқу t 1084,5°С, қайнау t 2540°С, тотығу дәрежесі +1, +2. Құрғақ ауадағы бөлме температурасында тотықпайды.
| |||||||||||||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
қызыл-қызғылт түсті пластикалық металл
| |||||||||||||||
Атом қасиеті | |||||||||||||||
Атауы, символ, нөмірі |
Мыс, 29 | ||||||||||||||
Топ типі | |||||||||||||||
Топ, период, блок |
11, 4, d | ||||||||||||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||||||||||||
Электрондық конфигурация |
[Ar] 3d10 4s1 | ||||||||||||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
2, 8, 18, 1 | ||||||||||||||
Атом радиусы |
128 пм | ||||||||||||||
Химиялық қасиеттері | |||||||||||||||
Ковалентті радиус |
132±4 пм | ||||||||||||||
Ван-дер-Ваальс радиусы |
140 пм | ||||||||||||||
Ион радиусы |
(+2e) 73 (+1e) 77 (K=6) пм | ||||||||||||||
Электртерістілігі |
1,90 (Полинг шкаласы) | ||||||||||||||
Электродты потенциал |
+0,337 В/ +0,521 В | ||||||||||||||
Тотығу дәрежелері |
−2, 0, +1, +2, +3, +4 | ||||||||||||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 745.5 кДж/моль (эВ)
| ||||||||||||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||||||||||||
Термодинамикалық фаза | |||||||||||||||
Тығыздық (қ.ж.) |
8,92 г/см³ | ||||||||||||||
Балқу температурасы |
1356,55 K (1083,4 °С) | ||||||||||||||
Қайнау температурасы |
2567 °С | ||||||||||||||
Балқу жылуы |
13,01 кДж/моль | ||||||||||||||
Булану жылуы |
304,6 кДж/моль | ||||||||||||||
Молярлық жылусыйымдылық |
24,44 Дж/(K·моль) | ||||||||||||||
Молярлық көлем | |||||||||||||||
| |||||||||||||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||||||||||||
Тор құрылымы |
текше бетке бағытталған | ||||||||||||||
Тор параметрлері |
3,615 Å | ||||||||||||||
Дебай температурасы |
315 K | ||||||||||||||
Басқа да қасиеттері | |||||||||||||||
Жылуөткізгіштік |
(300 K) 401 Вт/(м·К) | ||||||||||||||
Юнг модульі |
110–128 ГПа | ||||||||||||||
Жылжу модульі |
48 ГПа | ||||||||||||||
Пуассон коэффициенті |
0.34 | ||||||||||||||
Моос қаттылығы |
3.0 | ||||||||||||||
Виккерс қаттылығы |
343–369 МПа | ||||||||||||||
Бринеллий қаттылығы |
235–878 МПа | ||||||||||||||
CAS нөмірі |
7440-50-8 |
Қыздырғанда ауада CuО және Cu2О-ға дейін тотығады, галогендермен, S, Se, HNO3, H2SO4-пен әрекеттеседі. Аммиак, цианидтермен, т.б. кешенді қосылыстар түзеді. Сульфид концентратын балқытып, одан түзілген мыс штейнін қара мысқа дейін тотықтырып, оны жалынмен не электролиттік әдіспен тазарту арқылы; гидрометаллургиялық әдіс – құрамында мысы бар минералдарды күкірт қышқылымен (немесе NH3 ерітіндісімен) өңдеп, одан әрі электролиздеу арқылы алады. Мыс кабельдердің, электр қондырғылары мен жылу алмастырғыштардың ток өткізгіш бөлігін жасау үшін пайдаланылады; қорытпалардың (латунь, қола, мыс-никель, т.б.) құраушысы ретінде қолданылады.