Науру
From Wikipedia, the free encyclopedia
Науру Республикасы (на. -{Ripublik Naoero}-) — Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі бір аттас маржан аралында орналасқан ергежейлі мемлекет. Аумағы — 21,3 км²; халқы — 10 261 адам (2015[2]). Тәуелсіздігі 1968 жылы жарияланды.
Науру Республикасы на. -{Ripublik Naoero}- ағылш. Republic of Nauru | |||||
| |||||
Ұран: «God’s Will First (Біріншіден Құдайдың еркі)» | |||||
Әнұран: «Nauru Bwiema (Науру, Отанымыз)» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 31 қаңтар 1968 (Ұлыбританиядан, Аустралиядан және Жаңа Зеландиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | ағылшын, науру | ||||
Елорда | жоқ | ||||
Ірі қалалары | Денигомоду | ||||
Үкімет түрі | парламенттік республика | ||||
Президенті | Расс Кун | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 193 орын 21,3 км² 0,57 | ||||
Жұрты • Сарап (2011) • Тығыздығы |
▲ 10 084[1] адам (234) 473,43 адам/км² | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ • Қорытынды (2005) • Жан басына шаққанда |
60 млн $ (191) 5 мың $ | ||||
Валютасы | аустралия доллары | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .nr | ||||
ISO коды | NR | ||||
ХОК коды | NRU | ||||
Телефон коды | +674 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+12:00 |
Науру аралы экватордан оңтүстікке қарай 42 км қашықтықта орналасқан. Ең жақын арал Банаба шығысқа қарай 288 км қашақтықта орналасқан және Кирибати республикасына жатады. Науру Жердегі ең кішкентай тәуелсіз республика болып табылады, ең кішкентай аралдық мемлекет, Еуропа шегінен тысқары ең кішкентай мемлекет және ресми астанасы жоқ әлемдегі жалғыз мемлекет (елдің бейресми астанасы — елдің парламенті және әуежайы орналасқан қала Ярен қаласы).
Мемлекет Ұлттар достастығына кіреді. 1999 жылдың 14 қыркүйегінде Науру Республикасы БҰҰ құрамына кірді. Науру — Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы және Тынық мұхит аралдарының форумы ұйымдарының мүшесі.