Тегеран
Иран Ислам Республикасының астанасы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Тегеран (парсы: تهران — [tʰehˈɾɒ:n], ауызша. [tʰehˈɾu:n]) — Иран елінің астанасы, Азиядағы ең үлкен қалалардың бірі.[4] Қала маңайы (Үлкен Тегеран) тұрғындарын қосқанда Тегеран тұрғындарының саны ресми мәлімет бойынша 13 миллион, бейресми деректерде 16 миллион деп көрсетіледі.[5]. Әлем бойынша 21-орында.[6] Тегеран останының астанасы, мемлекеттің саяси, экономикалық, транспорттық, сауда-қаржы және мәдениет орталығы.
Қала | |||
Тегеран | |||
парсы: تهران | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел |
ИранИран | ||
Статусы |
Астана | ||
Остан |
Тегеран | ||
Ішкі бөлінісі |
22 муниципалды округ | ||
Мэр Төраға |
Пируз Ханачи | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
35°42′ с. е. 51°25′ ш. б.35.700° с. е. 51.417° ш. б. / 35.700; 51.417 (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
707 (1500)[1] км² | ||
Абсолют биіктік |
1200 м | ||
Уақыт белдеуі |
UTC+3.30, жазда UTC+4.3 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
8 846 782[2] адам (2012) | ||
Тығыздығы |
10 000 адам/км² | ||
Агломерация |
13 422 366 (Үлкен Тегеран)[3] | ||
Ұлттық құрамы |
парсылар, | ||
Конфессиялар |
мұсылмандар (96%), | ||
Этнохороним |
Техрани (жеке түрі), | ||
Ресми тілі | |||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+98 21 | ||
Пошта индекстері |
13ххх-15ххх | ||
tehran.ir (ағыл.) | |||
Ортаққордағы санаты: Тегеран |
Тегеран Иранның солтүстігіндегі Эльбурс тауының етегінде, Каспий теңізінің оңтүстік жағалауынынан 90 км қашықтықта орналасқан. Қала батыстан шығысқа қарай тау жотасы бойымен 40-50 километрге созылады. Тегеранның солтүстік ауданы (Шәмиран) теңiз деңгейiнен 2000 метр биіктікте, ал оңтүстік қала маңайы (Рей, Сұлтанабат) Кавир тасты шөліне жақын.
Тегеран Иранның автомобиль, электроника, әскери қару-жарақ, жеңіл өнеркәсіп, қант, цемент және химия салаларының орталығы саналады.[7]. Сонымен қатар қала жиһаз және кілемімен де танымал. XX ғасырда елдің басқа аймақтарынан Тегеран қаласына жаппай көшу үрдісі орын алған. Жергілікті тұрғындар парсылар болғандықтан, Тегеран халқының 98%-ы парсы тілінде, қалған 2%-ы араб тілі, әзірбайжан тілі, армян тілі, күрд тілінде сөйлейді.