Қалмақтар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қалмақтар (қалмақ. – хальмг, хальмгуд) – ойрат тобына жататын моңғолтілдес халық. Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақ Республикасының (Хальмг Тангч) жергілікті халқы. Негізінен, орыс тілінде сөйлейді. Қалмақ тілін сирек қолданады. Қалмақтар XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында Орталық Азиядан қоныс аударған ойрат тайпаларының ұрпақтары.[1]
Қалмақтар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
200 мың шамасында | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Ресей |
183 372 (2010 ж.) |
Қырғызстан |
12 000 |
АҚШ |
2 000 |
Қазақстан |
422 (2009 ж.) |
Украина |
325 |
Франция |
белгісіз |
Германия |
белгісіз |
Тілдері | |
орыс, қалмақ | |
Діні | |
буддизм (гелуг мектебі) | |
Этникалық топтары | |
торғауыттар, хошоуыттар, дербеттер, бузавтар |
2002 жылғы Жалпыресейлік санақтың қорытындысы бойынша Ресей Федерациясында 183 372 қалмақ тіркелген. Шетелдегі диаспоралары, негізінен, АҚШ-та (Нью-Джерси Штаты) және Батыс Еуропада (Франция мен Германия) тұрады. Қалмақтар арасындағы негізгі дін - буддизмнің Гелугпа мектебі. Буддизмнен басқа қалмақтар арасында православие және ислам дінін ұстанатындар бар.