Қылқан жапырақтылар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қылқан жапырақтылар — сүректі ағаш және бұта түрінде өсетін ашық тұқымды өсімдіктер класы. Ағаштары кейде ересен үлкен болады және 4 мыңнан астам жыл өмір сүреді. Қазақстанда 2 тұқымдасы бар: қарағай тұқымдасы — қарағай, балқарағай, шырша, майқарағай және кипарис тұқымдасы — арша, кипарис; мәңгі жасыл (қыста қылқаны түсіп қалатын балқарағайдан басқасы) өсімдіктер. Көп жағдайда екі түрлі сабағы болады: ұзарған және қысқарған. Жапырағы қылқанды, жіңішке, түкті не қабыршақты болып біткен, сағақсыз, өркендері қысқа, шоқтанып орналасқан. Жапырақтары көп жағдайда отырмалы, кейде олардың үстінгі ұшы ойық (май қарағай), көлденең кесіндісі жалпақ, төртқырлы, жұмыр, ұзындығы 1-2 см.- ден 30-40 см.- ге дейін барады. Қылқанда бір ғана жүйке болады, ал жалпақ жапырақтарында көптеген параллель жүйкелері болады. Қылқан жапырақтылардың бал қарағай, жалған бал қарағай және метасеквойя туыстарынан басқаларының барлығы мәңгі жасыл өсімдіктер. Сүрегінің 90-95% трахеидтен тұрады, сүзгілі түтіктерінде серіктік клеткалар болмайды. Көпшілігінің қабығында, сүрегінде және жапырақтарында схизонгендік смола жолдары болады, оларда эфир майы, смолалар, бальзамдар жиналады. Тұқымы арқылы, кейде вегетативтік жолмен өніп-өседі. Мамыр—шілдеде гүлдеп, шілде—тамызда жеміс береді. Қылқан жапырақтардың сүрегінен құрылыс материалдары жасалады, қағаз жасайтын үгінді, канифоль, скипидар.[1]