Әли ибн Әбу Талиб
From Wikipedia, the free encyclopedia
Әли ибн Әбу Талиб әл-Құраши (араб.: علي بن أبي طالب [ʕaliː ibn ʔæbiː t̪ˤɑːlib]; 15 қыркүйек 600 — 24 қаңтар 661) — Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, күйеу баласы, сахабасы, төрт халифаның төртіншісі (656—661). Исламды алғаш қабылдаған балалардың қатарынан. Али 656 жылдан 661 жылға дейін Халифа болған. Ол шииттерге де, сунниттерге де саяси және діни жағынан маңызды тұлға есептеледі.[1]
Әли ибн Әбу Талиб | |
араб.: علي بن أبي طالب | |
Туған күні: |
15 қыркүйек 600 (0600-09-15) |
---|---|
Туған жері: | |
Қайтыс болған уақыты: | |
Қайтыс болған жері: | |
Ғылыми аясы: |
Араб әдебиеті |
Жерленген орны: |
Наджаф, Ирак |
Жұбайы: | |
Ұлдары: |
• Мухсин ибн Әли |
Қыздары: |
• Зайнаб бинт Әли |
Ұлты: | |
Шайқастары: |
Хайбар шайқасы, Табук шайқасы, Бадр шайқасы, Ухуд шайқасы, Хунайн шайқасы, Бассара шайқасы, Сиффин шайқасы, Қарбала шайқасы |
Ол тұралы айтылды: |
• Әбу Тураб |
Али Меккеде туылған, ол Мұхаммедтің туған ағасы Әбу Тәліп пен оның әйелі Фатима бин Асадтың баласы.[2][3] Ол алғаш ислам дінін қабылдаған еркек делінеді,[4][5] кей дінтанушылар оны бірінші мұсылман деп атайды.[6] Ол алғашқы кезде Мұхаммедті қорғап[7], жаңадан қалыптасқан мұсылман жамағатының барлық соғыстарына қатысады. Мединеге көшкен соң Али Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимаға үйленеді.[8] 656 жылы, Осман Ибн Аффан халифаны өлтіріп кеткен соң[9], Мұхаммедттің жақтастары жағынан халиф болуға ұсынылады. Әли билеген кезде арабтарда ішкі соғыс болды және 661 жылы ол Куфадағы мешітте құлшылық етіп жатқанда Харижилік бағытындағылар шабуыл жасап, екі күннен соң өледі.[10][11][12]