Ішек-қарын
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ішек-қарын (внутренности) – сойыс малының тамаққа пайдаланылатын ішкі органдары мен етінің кейбір бөліктері. Жұғымдылығы мен дәмділігіне қарай ішек-қарынды бірінші санатқа – бауыр, бүйрек, жүрек, желін, ет қиқымы, құйымшақ, көк еттер; екіншісіне – өкпе, қарын, құлақ, ерін, сирақ және басқалар жатады. Құрамындағы белоктың мөлшері жағынан ішек-қарынның еттен айырмасы аз. Желін майлы болады, бауырда едәуір мөлшерде РР витамині, пантотен қышқылы, В және басқа топтағы витаминдер, сондай-ақ кальций, магний, фосфор тұздары бар. Темір көбінесе бүйрек-бауырда, ал фосфор мида көп. Ішек-қарынның шырышты қабығы алынып, ұйыған қаннан тазартылып, майсыздандырылып, таза, тоңазытылған немесе мұздатылған күйінде сатуға түседі. Қойдың, бұзаудың сирағында, сондай-ақ ірі қараның ерні мен сіңірінде және малдың барлық түрінің құлағында желімді заттар мол болады, сондықтан оларды сілікпе дайындауға пайдаланады. Сіңір мен қарыннан тағамның бірнеше түрін жасайды.