Аустралия (құрлық)
құрлық / From Wikipedia, the free encyclopedia
Аустралия (лат. 'australis' — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ауданы 7 659 861 км². Материктің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке дейін 3200 км-ге жуық, ені батыстан шығысқа қарай шамамен 4000 км, жағалау сызығының ұзындығы(аралдарсыз) - 35 877 км. Ол 10°41' оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңтүстік ендіктегі оңтүстік-шығыс мүйіске дейін және 113°05' шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — Австралияның үлкен шығанағы.
Австралия | |
Территория | 7 659 861 км² |
Халық саны | ▲ 23 130 931[1] адам |
Тығыздығы | 3,01 адам/км² |
Этнохороним | австралиялық, австралиялықтар |
Енеді | 1 мемлекет |
Тілдері | Австралия ағылшыны |
Уақыт белдеулері | +8 … +11 |
Интернет үйшігі | .au |
Ірі қалалары | Сидней, Мельбурн, Брисбен, Перт, Аделаида |
Австралия Ортаққорда |
Құрлықның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солтүстік-шығыс жағалауын бойлап (ұзындығы 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания аралынан Құрлықты Басс бұғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Құрлық шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Құрлық құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан.