From Wikipedia, the free encyclopedia
Алтынбек Сәрсенбайұлы (12 қыркүйек, 1962 жыл, Қайнар ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы — 11 ақпан 2006 жыл, Талғар ауданы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2002-2003), Ақпарат және қоғамдық келісім министрі (2004),"Ақ жол" саяси партиясының негізін қалаушылардың бірі.
Алтынбек Сәрсенбайұлы | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
Шілде 2004 — Қыркүйек 2004 | |||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||
Премьер-Министр | Даниал Ахметов | ||
Ізашары | Сауытбек Абдрахманов | ||
Ізбасары | Есетжан Қосубаев | ||
| |||
Қаңтар 2002 — Қараша 2003 | |||
Ізашары | Тайыр Мансұров | ||
Ізбасары | Қырымбек Көшербаев | ||
| |||
Мамыр 2001 — Қаңтар 2002 | |||
| |||
1999 — 2001 | |||
Премьер-Министр | Қасым-Жомарт Тоқаев | ||
Ізашары | Қазақстан Республикасның Ақпарат және қоғамдық келісім министрі | ||
| |||
1997 — 1999 | |||
Премьер-Министр | Нұрлан Балғымбаев | ||
Ізашары | Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат ұлттық агенттігінің төрағасы | ||
| |||
1995 — 1997 | |||
Премьер-Министр | Әкежан Қажыгелдин | ||
Ізашары | Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі | ||
| |||
1993 — 1995 | |||
Премьер-Министр | Сергей Терещенко | ||
Ізашары | Қуаныш Сұлтанов | ||
Ізбасары | Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат ұлттық агенттігінің Төрағасы | ||
Өмірбаяны | |||
Білімі | Мәскеу мемлекеттік университеті | ||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 12 қыркүйек 1962 Қайнар ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы, Қазақстан | ||
Қайтыс болуы | 11 ақпан 2006 (43 жас) Талғар ауданы, Алматы облысы, Қазақстан | ||
Жерленді | Кеңсай зираты | ||
Әкесі | Сәрсенбай Байғұлов | ||
Анасы | Күліхан | ||
Жұбайы | Салтанат Атушева | ||
Балалары | Шолпан, Бекжан | ||
Сайты | www.altynbek.kz | ||
Қолтаңбасы | Қолтаңбасы | ||
өңдеу |
Ұлы жүздің Албан руының Шоған абыз ұрпағы, Алжан тармағынан[1].
2003 жылдан бастап А.Сәрсенбайұлы өз еркімен Президентке отставкаға шығуға арыз беріп, қоғамдық-саяси қызметпен айналысты. 2003 жылдың қараша айында «Ақ жол» Демократиялық партиясының ІІІ съезінде бірауыздан тең төраға етіп сайланды. 2005 жылдың сәуірінен «Нағыз Ақ Жол» Қазақстан Демократиялық партиясының тең төрағасы. Алтынбек Сәрсенбайұлы — бірнеше кітаптар мен монографиялар авторы, саяси ғылымдар докторы.
« | Ел азаматтарының бақытты һәм бақуатты өмір сүруі үшін күрестік... Бәріне де уақыт пен халық төреші
|
» |
2006 жылдың 11 ақпанында Алтынбек Сәрсенбайұлын көмекшісі Бауыржан Байбосынов және жүргізушісі Василий Журавлевпен бірге Алматы қаласының сыртында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тобы офицерлерінің қатысуымен жасалған қастандықтың нәтижесінде қаза болды.
2006 жылдың 13 ақпанында сағат 11-ден 40 минут уақытында Алматы облысы Талғар ауданындағы "Көктөбе" ауылы мен "12 бригада" ауылдарының арасындағы ауыл аралық жолдың шетінде оқ тиген жарасымен Алтынбек Сәрсенбайұлының, оның жүргізушісі (Василий Журавлёв) және күзетшісінің (Бауыржа́н Байбосы́н) мәйіті табылды.
Қызметтестері бұл өлімді саяси тұрғыдан өлтірілген өлім деп атады, және бұл өлімге жауапты жоғарғы билік деп айтты.
Осы жылы ақпанның 20-сында Қазақстанның Ұлтық Қауіпсіздік Комитетінің жетекшілері - Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаев және оның екі орынбасары - Владимир Божко мен Қозы-Көрпеш Қарбусов, сондай-ақ "Арыстан" арнаулы жасағының командирі Сержан Қойбақов отставкаға өтініш берді.
Отставканың себебі, Қазақстанның ақпараттық агенттіктері Сәрсенбаевтың өліміне ҰҚК-нің сол кездегі қызметкерлері қатысқанын хабарлағаннан кейін туындаған айғай-шуға байланысты болды.
Қозы-Көрпеш Карбусов пен Владимир Божконың өтінішінен басқаларының отставкасы қабылданды. Владимир Божко ҰҚК-нің төрағасының міндетін атқарушы болған еді.
Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасынан кейін достары, шәкірттері Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қор құруды ұйғарады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.