1999 жыл

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

1999 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның бесінші күні, яғни жұмада басталады. Кібісе жыл емес.

More information Жылдар, Онжылдықтар ...
1999 жыл басқа күнтізбелерде
Грегориан күнтізбесі 1999
MCMXCIX
Юлиан күнтізбесі 1998 — 1999 (14 қаңтардан бастап)
Рим қаласының құрылуынан бастап 2751 — 2752 (4 мамырдан бастап)
Византия күнтізбесі 7507 — 7508 (14 қыркүйектен бастап)
Еврей күнтізбесі
5759 — 5760

ה'תשנ"ט — ה'תש"ס

Ислам күнтізбесі 1420 — 1421
Армения күнтізбесі 1448
ԹՎ ՌՆԽԸ

Қытай күнтізбесі 4695 — 4696
戊寅 — 己卯
сары жолбарыс — сары қоян
Ефиопия күнтізбесі 1991 — 1992
Инду күнтізбесі
- Викрам самват 2055 — 2056
- Шака самват 1921 — 1922
- Кали-юга 5100 — 5101
Иран күнтізбесі 1377 — 1378

Бұл біздің заманымыздың 1999 жылы, II мыңжылдықтың 999-жылы, XX ғасырдың 99-жылы, 20 ғасырдың 10-онжылдығының 9-жылы, 1990 жылдардың 10-жылы болып табылады.


Remove ads

Оқиғалар

  • 10 қаңтар - Қазақстандағы президенттік сайлауда басым көпшілік дауыспен (80% - дан астам) Президент Н. Ә.Назарбаев қайта сайланды.
  • 25 ақпан - 4 наурыз - Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы санақ өтуде. Оның нәтижелері - елдің халқы бір жарым миллионға қысқарды - 16,4 миллионнан (1989 жылғы КСРО санағы бойынша) 14,9 миллионға дейін. Қазақстанның ең көп ұлттары бұрынғыдай қазақтар – 8 миллион, орыстар – 4,4 миллион болды. Бірақ халықтың жалпы санындағы қазақтардың үлесі 53,4 пайызды құрады (1989 жылы – 39,7%).
  • Наурыз - Баку әуежайында Қазақстан Әскери-әуе күштерінің қару-жарағы бар ресейлік ұшақ қамауға алынды. Барлық халықаралық тыйымдарға қарамастан, Қазақстан соғысып жатқан Югославияға қару-жарақ жеткізді. Қазақстан Балқанға барлығы 40 ескірген ұшақты сатуды жоспарлады.
Thumb
Югославияға сатылған МИГ-21 бейнесі.
  • 1 наурыз - "Отан" партиясы құрылды.
  • 24 наурыз — 10 маусымға дейін созылған Югославиядағы НАТО әскери операциясының басталуы.
Remove ads
  • 4 сәуір - Алғашқы девальвация өтті. Нәтижесінде келесі күннің соңына қарай бір доллардың бағасы 150-160 теңге деңгейінде болды, дегенмен бір күн бұрын американдық валютаны 88 теңгеге сатып алуға болатын еді. 1999 жылдың тамызына қарай айырбас бағамы тұрақтанып, бір доллар 130-135 теңге деңгейінде ұсталды.
  • 10 маусым — БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1244 қарары қабылданды. Косово соғысының аяқталуы.
  • 7 тамыз — Шамиль Басаев пен Хаттаб отрядтарының Дағыстанға басып кіруі (14 қыркүйекке дейін жалғасты). Іс жүзінде екінші шешен соғысының басталуы болып саналады.[1]
  • 9 тамызВладимир Путин Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Сол күні қазіргі президент Борис Ельцин оны өзінің мұрагері деп атады. 16 тамызда Путин Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы болып бекітілді.
  • 17 тамыз - Түркияның солтүстік-батысындағы жер сілкінісі. 17 мыңнан астам адам қаза тапты.
  • 10 қазан - Қазақстанда парламенттік сайлаудың бірінші кезеңі өтті.
  • 16 қазан - Қазақстанда алғаш рет бесінші отырысқа Кедендік одағына қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің басшылары жиналды.
Thumb
Ресей президенті Борис Ельцин отставкаға кеткеннен кейін Кремльден кетеді

Туғандар

Тағы қараңыз: Санат:1999 жылы туғандар

Қайтыс болғандар

Тағы қараңыз: Санат:1999 жылы қайтыс болғандар

Тағы қараңыз

Quick facts

Түсініктемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads